Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Мәйекті 6542 0 пікір 9 Наурыз, 2017 сағат 12:47

ABAI.KZ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕГЕ ХАМЕНОВА МӘН БЕРДІ

Бүгін «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесіне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытгүл Қайыржанқызы Хаменова келіп, азаматтарды қабылдады, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Кеше ғана Abai.kz ақпараттық порталы 59,900 АҚШ доллары ақшасын ШҚО Зайсан ауданына қарасты «Майқапшағай» кедендік бекеті тәркілеп алған жесір әйел Гүлжан Мәуітханқызының жанайқайын жазған еді. Осыдан кейін мерекелік көңіл-күйге қарамастан аталған мәселе күннің бас тақырыбына айналды. 

Бүгін міне, сол қандасымызды депутат Бақытгүл Қайыржанқызы арнайы қабылдады.

Гүлжан Мәуітханқызының қабылдауына келетінін естіген депутат Бақытгүл Қайыржанқызы гүл мен балкүлшесін ала келіпті.

Айдың-Күннің аманында адал ақшасынан айырылған ананың уәжін тыңдаған депутат ханым, қолынан келгенше, Заң аясында көмектесетінін, керек болса, қаржы жағынан да қол ұшын берітінін айтып, жарым көңіл Гүлжан Мәуітханқызын 8 наурыз мерекесімен құттықтады. 

Бір айдан бері жегені желім, ішкені ірің болып жүрген қандасымыз көзіне жас алып, депутат сіңілісінің бетінен сүйді, көз жасына ерік берді...

Ендігі үміт - Хаменова ханымда! Депутат осы істі біржақты етіп, өзінің адамгершілігін, халықшылдығын көрсетсе деген ойдамыз! 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1546
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1417
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1166
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1168