Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3264 0 пікір 9 Наурыз, 2017 сағат 16:57

Елбасы ЕНУ-дің ректорын қабылдады

Елбасы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовты қабылдады деп хабарлайды aqorda.kz сайты.

Кездесу барысында Е.Сыдықов Мемлекет басшысын университеттің өткен жылдардағы қызметі мен қазіргі атқарып жатқан жұмыстары жөнінде хабардар етті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның индустриялық даму бағдарламасы үшін біліктілігі жоғары мамандар даярлаудың маңыздылығын атап өтті.

– Елорданы Астанаға ауыстырғаннан соң қабылданған алғашқы шешімдердің бірі осы оқу орнын құру туралы болды. Республикамыздың бас қаласымен бірге оның атағы мен абырой-беделі артып келеді. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздің жоғары оқу орындарының алдыңғы шебінде келеді, – деді Қазақстан Президенті.

Ректор бүгінде университетте 17 мыңнан астам студент білім алып жатқанын, оның көбі үш тілді еркін меңгергенін мәлімдеді. Бұл факторлар білім алушылардың академиялық мобильділігіне септігін тигізуде.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар