Сенбі, 4 Мамыр 2024
46 - сөз 4817 0 пікір 13 Наурыз, 2017 сағат 08:13

"КӨРІСУ" КҮНІ - НАУРЫЗДЫҢ БАСТАУЫ

Мен ҚазҰУ (КазГу) оқуға түскенімде группамда біраз батыстың қыз-жігіттері бар еді. 1 курста оқып жүргенімде наурыздың 14-күні батыстық достарым жаппай "бір жасыңмен" деп құттықтап жатыр.

Не болып жатқанын түсінбей, ішімнен аң-таң болып, "бүгін туған күнім емес сияқты еді" деп қоямын. Сөйтсем бұл "Көрісу" деген мереке екен.

Бірінші рет естігендіктен мен үшін бұл мейрам таңсық болды. Үңіліп қарасам ниеті өте жақсы мейрам. Бір жасыңмен дегені, қыстан аман-есен шығып, тағы бір жылға аман келуіңмен дегені ғой. Қазақтар көшпелі күн кешкендіктен, қыста ауыл аймақтың бір-бірімен қатынасуы үзіліп қалатын. Сондықтан көктемде алты ай қыста көрмеген көрші ауылға "мал-жан аман ба, жұттан, шапқыншылықтан аман шықтың ба?" деп көрісетін болған. Қарап тұрсақ көшпенділік туындатқан мереке ғой.

Бірақ бұл мейрамды жеке дара емес, Наурыздың бастамасы деп қараған жөн сияқты. Наурызға ғана тән "селт еткізер", "түлік жыры" сияқты жоралғылардың бірі болуы мүмкін. Өйткені Шәкәрім бабамыздың еңбектерінде "қазақтар наурызды апталап, айлап тойлаған және оны 13-14 бастаған" деген сынды деректер бар емес пе?. Яғни Наурыз "Көрісу күнінен" басталған болып тұр ғой.

Аталмыш мейрамды күллі Қазақстанның барлық аймағында жаңғырту керек. Әр аймақта әр түрлі мерекенің сақталып қалуы отарлық саясаттың салдары. Барлығын біріктіріп, өшкенді жағатын сәт туды.

Асхат Қасенғали

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1067
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 953
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 705
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 805