Жексенбі, 12 Мамыр 2024
Билік 5934 1 пікір 15 Наурыз, 2017 сағат 10:13

ҚАСЫМОВ МЫРЗА, ҚАНДАСТАРЫҢЫЗДЫ АЗАПТАН ҚҰТҚАРЫҢЫЗШЫ

Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі,

Полиция генерал-лейтенанты 

Қ. Н. Қасымовқа

Құрметті Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы!

Біз ҚХР-нан ШҚО Бородулиха ауданына көшіп келіп, тұрақты тіркеуге тұруға құжат жидық. Соттылығымыздың бар не жоқтығы туралы анықтаманы растату үшін ҚР-дағы Қытай Елшілігінен растатуымыз керек екен. Міне, екі отбасының соттылық туралы анықтамасын растатқалы Астанаға келгеніме екі апта болды, әлі біткен жоқ. Өткізген құжатты  Қытай Елшілігі алты күн ұстады. Олар маған сотталмады деген анықтама берген жоқ, тұрақты тұруына болады деген рұқсат қағаз берді. Енді ол рұқсатты ҚР Сыртқы істер министрлігі растау керек екен. Өткізіп ем, міне төрт күн болды әлі шыққан жоқ. СІМ әр кісінің құжатын растау үшін 8 мың теңгеден ақша алды. Естуімше СІМ ол құжатты Қытай Елшілігіне жіберіп, тағы анықтайды екен. Құжатымыздың қашан шығары белгісіз, Астананың суығында бүрісіп жүрмін.

Ал, осы құжатпен тұрақты тіркеуге тұрып, азаматтығымыз шықса, Қытай Төлқұжатын Қытай Елшілігіне өткізуіміз керек екен.  Ол үшін тағы да Астанаға, не Алматыға баруымыз керек. Біз ғана емес, Қытайдан Қазақстанға көшіп келіп, азаматтық алам деген әр отбасы, қай облысқа көшіп келуіне қарамастан, осы жолды басып өтуі тиіс. Ойлаңызшы, бұл – азап қой!

Өзіңіз жақсы білесіз, Қытай Елі сотталған азаматқа төлқұжат бермейді. Сол үшін Сізден осы мәселені шешуді, бізді бұл азаптан құтқаруыңызды сұраймын.

Білетіндердің айтуынша, «Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаты» деген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің №992 бұйрығының  10 тармағының 7)-тармақшасына толықтыру енгізіп, «егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қытай Халық Республикасынан келетін этникалық қазақтарды қоспағанда;» деген бір ауыз ескертпе қостырса, бұл мәселе шешіледі екен.

Сонда, Қытайдан келген қандастарыңыз Қытай Төлқұжатын тапсыру үшін Астана мен Алматығы бір-ақ мәрте келетін болады.

Екі отбасының атынан Қарқын Тоқтарғали

Abai.kz

 

 

 

 

 

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1943
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2183
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1797
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1536