Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 20518 0 пікір 1 Маусым, 2009 сағат 07:41

Қазақстанда қанша әскери оқу орны бар?

Мектеп бітірген балам әскери жоғары оқу орнына түскісі келеді. Білейін дегенім, Қазақстан бойынша қай қалаларда әскери оқу орындары бар? Жамал Бақытқызы, Тараз қаласы

Мектеп бітірген балам әскери жоғары оқу орнына түскісі келеді. Білейін дегенім, Қазақстан бойынша қай қалаларда әскери оқу орындары бар? Жамал Бақытқызы, Тараз қаласы
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында жалпы 180 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Оның 167-сі азаматтық, 13-і азаматтық емес оқу орындары. Азаматтық оқу орындарының 55-і мемлекеттік, 112-сі мемлекеттік емес жоғары оқу орны боп табылады. Қазіргі таңда Ішкі істер министрлігінің ведомстволық басқаруында үш жоғары және үш орта кәсіптік оқу орны бар. Олар: ҚР ІІМ Академиясы; Қарағанды және Қостанай заң институттары; Ақтөбе, Семей және Шымкент заң колледждері. Жоғары оқу орындарында мамандар даярлау «Юриспруденция», және колледждерде «Құқық қорғау ісі» мамандықтары бойынша жүзеге асырылады. Сондай-ақ келесі жоғары оқу орындарында да әскери мамандық алып шығуға мүмкіндік бар: Құрлық әскерлерінің әскери институты (Алматы қаласы), Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты (Алматы қаласы), Шетел тілдері әскери институты (Алматы қаласы), Әскери-теңіз институты (Ақтау қаласы), Әуе Қорғаныс күштерінің әскери институты (Ақтөбе қаласы). Жоғары әскери оқу орындарына азаматтық жастар қатарынан, оқуға қабылдау күні 17 жасқа толған, бірақ 21 жастан аспаған «Жас ұлан» республикалық мектебінің және республикалық әскери мектеп-интернаттарының бітірушілері қабылданады. Әскери оқу орындарына түсуге ниет білдірген азаматтық жастар тұрғылықты жері бойынша қорғаныс ісі жөніндегі аудандық (қалалық) бөлімдерге (басқармаға) оқуға түсу жылының 1 сәуіріне дейін арыз береді.

 

 

«Алаш айнасы» газеті 29 мамыр 2009 жыл

0 пікір