Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 4348 0 пікір 16 Қараша, 2016 сағат 07:58

ЖАПЫРАҚТЫ БІЛМЕЙДІ-АУ ЖАНШЫҒАНЫН...

Жаздан қалған жақындар, бауыршылар, 

Жазған күнде жан бар ма хәлің сұрар?! 

...Көтере алмай кеудесі күздің дертін, 

жапырақтар аспанды ауырсынар!.. 

Жылап қоя берердей қараса күн, 

қар астында шуаққа таласады. 

Суығын-ай қара жер бауырының, 

Аспанының ауыры-ай қарашаның. 

Жаз келеді – дейді ол – жан шуағын,

алам күннің, ақ қардан аршыламын!..

...Қар үстінде сүйісіп тұрған ғашық, 

жапырақты білмейді-ау жаншығанын...

Ерлан ЖҮНІС

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір