Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3481 0 пікір 1 Желтоқсан, 2016 сағат 12:34

Мақтасы мақтауға лайық

Әр ауданның өз шаруашылығы болады. Осы орайда Мақтарал ауданы негізінен мақта шаруашылығымен айналысуды жолға қойған. Осы уақыттар ішінде өсірілетін мақтаның сапасын жақсарту, өнімділікті арттыру мақсатында талай жұмыстар атқарылуда. Республика бойынша мақта өндірісінде осы өңірге басымдық беру де қарастырылған.


Жалпы ауданда қызмет атқаратын 3 тұқым шаруашылықтары мен «ҚазМақтаҒЗИ» ЖШС-нің құрайды. Аталған тұқым шаруашылықтары 2016 жылы барлығы 2025,8 тонна сапалы шит тұқымын дайындаған (оның ішінде: 8,8 тонна - оргинал; 44 тонна - элита; 148 тонна - R-1; 760 тонна R-2). Аудандағы мақта өңдеу зауыттары тарапынан («Мырзакент» МӨЗ, «Таңшолпан» МӨЗ) техникалық щиттен дайындалған тұқымның көлемі 1065 тонна, барлығы 2025,8 тоннаны құрады. 

Қосымша шет мемлекеттерден сапалы (R-1) мақта тұқымын алдыру жұмыстары нәтижесінде, (Түркия, Қытай ) Қ.Аббасов басқаратын «Юг Агро-С» ЖШС-гі Түркия мемлекетінен 39,7 тонна, А.Ақтөреевтің басқаруындағы «Арсенал Сад» СТК-ві Қытай мемлекетінен 18,6 тонна және «Мырзакент» МӨЗ Қытай мемлекетінен 22,3 тонна, барлығы 80,6 тонна (R-1) сапалы тұқымдық шит шаруаларға таратылды.

Жалпы алдағы уақытта тұқым сапасын жақсарту, еңбек өнімділігін күшейту бағытында жұмыстар атқарылады деп күтілуде. Соның ішінде Мақтарал өңірінің құнары мол жерін тиімді пайдалану басты мақсат болып отыр. Мақтаралдық мақташылар бұл өңірдің барлық мүмкіндігін пайдаланып, алдағы уақытта әлі де болса мол өнім алуға уәде беріп отыр. Еңбек рәтті болғай!

Abai.kz

0 пікір