Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4526 0 пікір 1 Желтоқсан, 2016 сағат 15:00

ҚАЗІР: АЛМАТЫДА САУДА ОРТАЛЫҒЫНАН ӨРТ ШЫҚТЫ

Шұғыл. Бүгін Алматыдағы "Көк базарда" өрт шықты. Бұл туралы "Abai.kz" тілшісі хабарлайды. 

Түскі уақытта Алматыдағы ірі сауда орталықтарының бірі "Көк базарда" өрт шықты. Оқиға Жібек жолы мен Пушкин көшелерінің қиылысындағы "Көк базар" кешенінің аумағында орналасқан "Мегатау" сауда орталығында болған.

Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқару қызметі мамандары сауда орталығындағы барлық адамды сыртқа шығарды. 

Қазір тілсіз жауды ауыздықтауға 20-дан астам өрт сөндіру машиналары мен  техникалық көмек көліктері жұмылдырылған. Сондай-ақ, жедел жәрдем көліктері де бар. 

Бізге белгілі болғандай өрттен зардап шеккендер жоқ. Дегенмен өртті сөндіру жұмыстары әлі аяқталған жоқ.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, өрт сауда орталығының жертөлесінен шыққан. Аспанға будақтап жатқан қара түтін содан шығып жатыр.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

0 пікір