Жексенбі, 12 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2843 0 пікір 2 Желтоқсан, 2016 сағат 00:00

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Түлкібас станциясына аялдады

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған республикалық акция аясында «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Оңтүстік Қазақстан облысының шығыс қақпасы саналатын Түлкібас станциясына аялдады. Бұл туралы «Abai.kz» порталы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Құрамында министрліктердің жетекші мамандары, сарапшылар, заңгерлер, медицина қызметкерлері әм білікті сарапшылар бар «Тәуелсіз Қазақстан» пойызын Оңтүстік Қазақстан облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков бастаған Түлкібас ауданы халқы ерекше ықыласпен қарсы алды. 
Онда штаб жетекшісі жергілікті тұрғындарға сапардың мақсатын түсіндіріп, жұртшылықты мерейлі мерекемен құттықтады. 
Республикалық акцияда аудан бойынша медициналық, әлеуметтік, құқықтық көмек көрсету,сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және т.б салалар бойынша қоғамдық қабылдаулар өткізіп, барлығы 120 адамға кеңес берілді. 
Поезд делегаттарының қатысуымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 жылдың белестері» атты дәріс өтті. Сонымен қатар, эномәдени орталықтары мен үкіметтік емес ұйымдарының қатысуымен кездесулер өткізіліп, онда тәуелсіздік жетістіктері жайы айтылды.

Айта кетейік, «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Республиканың өңір өңірлерін аралап, үгіт-насихат жүргізіп жергілікті тұрғындармен кездесу өткізіп, халықтың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап беріп, пайдалы кеңестерін айтуда.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1942
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2161
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1785
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1534