Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 5997 0 пікір 2 Желтоқсан, 2016 сағат 14:00

Италияның алқорысы ОҚО-да өседі

Биыл Мақтаарал ауданында өрік пен алқоры жақсы өнім алдынды. Жаздың алғашқы айынан бастап-ақ жемістер тонналап Ресейге жөнелтілді.

Осыдан бес жыл бұрын көшеттер Италиядан әкелінген болатын. Алғашқы екі жылда жылусүйгіш жемістер көктемнің салқынына бейімделе алмады. Бірнеше жылдық еңбектің, күтімнің арқасында биыл жазда жемістер мол өнім бере бастады. 

Өріктің сапасы мен сақталуы жемістің қашан, қалай жинағалғанына байланысты.

Ерлік Сәдібеков: - Өріктердің түрлі сорттары бар. Біз рено антонино, хост хорон деген сорттарын өсіреміз. Біз бұларды Италиядан әкелдік. Бұлардың бәрі жылусүйгіш ағаштар. Қазақстанның солтүстігінде бұл жеміс ағаштарының өсуі екіталай. 

«Былтырғы жылы ауа-райының салқын болуына байланысты жақсы өнім ала алмадық, ал биылғы жылы әр гектарынан 400-500 центнер өнім алып отырмыз. Жемістерді Ресейге жөнелтеміз. Алқорының бір түп ағашы жетпіс келіге дейін өнім береді», - дейді Артықбай Ақтөреев. 

Мұнда 325 гектар жерге алма мен алмұрттың 8 түрлі сорты егіліпті. Енді олардың ішінде қайсысы осы жердің табиғатына келеді, қайсысының өнімі жақсы екені қадағаланатын болады. Бағбандар жылына бір миллионға дейін көшет отырғызады екен. Биылғы жылы Мақтаарал ауданы еліміздң басқа облыстарына 4 мың тоннадай алма жөнелткен. Мақтаарал ауданының жерасты сулары бетіне жақын. Сондықтан өсімдіктердің тамыры жер астындағы тұзды суға тез жетеді де, өліп қалады. Осыған орай жаңа технологиялар қолданыла бастады. Яңни жемісті ағаштар тамшылатып суғару әдісі арқылы суарылады. Жеміс ағаштары бір-біріне жақындау отырғызылады. Ал жемістерді сақтау үшін ауданда арнайы қоймалар салынуда. Мұндай қоймалар Жетісайды, Мырзакентте салынады. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2018
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2436
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2019
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1586