Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2826 0 пікір 2 Желтоқсан, 2016 сағат 14:10

Оңтүстікте оңды істер көп

Шыбық шаншысаң шынар өсіп шығатын берекелі һәм мерекелі өңір – Оңтүстік Қазақстан облысы күзде өзінің берекесін молынан көрсетеді. Мәселен биыл бұл өңірде ауыл шаруашылығы дақылдарын егу көлемi өткен жылмен салыстырғанда 12,8 мың гектарға артып, 788,6 мың гектарға жеттi.


Орташа есеппен республика бойынша өндiрiлген мақтаның 100, жүзiмнiң 65, бақшаның 66, мақсарының 40, жемiс-жидектiң 31, көкөнiстiң 24 пайызы Оңтүстiк Қазақстан облысының еншiсiнде. Бұл Оңтүстiк Қазақстан облысын республика халқын жергiлiктi азық-түлiк өнiмдерiмен қамтамасыз ететiн негiзгi орталыққа айналдыру әлеуетiнiң өте жоғары екендiгiн байқатады.

Сонымен қатар шаруалар биылғы маусымда өзге дақыл түрлерiнен де мол өнiм жинай бiлдi. Мәселен, 963 мың тоннадан астам көкөнiс түрлерi, 1 миллион 413 мың тонна бақша өнiмдерi, 277 мың тонна картоп жиналып алынды. Сондай-ақ, 126 мың тонна жемiс-жидек, 63 мың тонна жүзiм терiлдi. Бұл көрсеткiштердiң барлығы да өткен жылдың көрсеткiштерiнен анағұрлым жоғары.

Соңғы үш жылда жердi жаңа әдiспен игеру жұмыстары жүргiзiлуде. Осы жылы 86 мың гектар жерге терең қопсыту технологиясы енгiзiлдi. Бұған дейiн тәжiрибе жүзiнде мақтадан гектарына орташа есеппен 26-27 центнерден өнiм алынса, терең қопсыту технологиясын енгiзген шаруашылықтар гектарына 40-45 центнерден өнiм жинады. Аталған технологияның қатты топырақ ылғалдылығын сақтаудағы тиiмдiлiгiн ескере отырып, бұл технологияны басқа да дақылдар мен тәлiмi жерлерге қолдану ұсынылуда.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2017
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2435
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2010
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1585