Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2969 0 пікір 3 Желтоқсан, 2016 сағат 15:32

Шаруалардың көбеюі бәсекелестікті арттырады

Оңтүстік өңірде жердің тиімді игеріліп, шаруалар санының артуы бұл өңірдегі жұмыссыздық мәселесінің шешілуіне де мұрындық болып отыр. Осы орайда айта кетер жайт, 1999 жылдың аяғында бұрынғы 182 ұжымшар-кеңшар және мемлекеттік шаруашылықтар базасында жеке меншікке негізделген 20 мыңнан астам ауыл шаруашылығы құрылымдары пайда болған. Ал бүгінгі күні олардың саны 70 мыңнан асты.

Жалпы ауыл шаруашылығы саласында ел тұрғындарының жартысына жуығы жұмыс істейді. Сондықтан, маңызды экономикалық тетік болып саналатын жер елді мекендерде еңбек өнімділігін арттырып, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды жақсартуда шешуші рөл атқаратыны белгілі.

Жер сенімді әрі тұрақты кіріс көзі болғандықтан, бос жатпауы тиіс. Жер еңбек етуге, өнім алуға мүмкіндік беретінін жақсы білеміз. Жер жөнінде айтылғанда жердің басты мәселесін шешетін шаруалар жайын ұмытпауымыз керек. Олардың өмірі жермен тығыз байланысты болғандықтан, жер жөнінде бәрін біледі. Мол өнім алу үшін табиғат пен ауа райының барлық мүмкіндіктерін пайдалана алады. Жерді тиімді игеру арқылы елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықтың тұрмысын жақсартуға болады.

Егер әркім жерді өзінің асыраушысы ретінде бағалай білсе, оның тозуына жол бермес еді. Осы орайда оңтүстіктегі шаруалардың қарыс қадам жерді, тиімді игере бастауы үлкен мүмкіндік. Жерді игеріп қана қоймай оның бар мүмкіндігін пайдалану жердің тозып кетпеуіне жол ашады. Сондықтан шаруалардың көбейіп, жерлердің игеріле бастауы қуантады.

Оның ішінде шаруалардың да еңбегін дұрыс бағалап, өнімінің тиісті бағасына өтіп кетуі, игерілмей жатқан жерлерге тарту, мемлекет тарапынан түрлі жеңілдіктер жасалуы алдағы уақытта саладағы басқа да мәселелерді шешетініне күмән жоқ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2025
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2442
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2031
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1587