Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Әдебиет 5025 0 пікір 7 Желтоқсан, 2016 сағат 13:20

«АЛТЫН ТҰҒЫР» ПРОЗАНЫҢ ЖҮЛДЕСІ «АБАЙЛЫҚТАРҒА» БҰЙЫРДЫ

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған қаламгерлер арасындағы «Алтын тұғыр» әдеби байқауы мәреге жетті.

«Ауыл» партиясы мен «Әдебиет порталы» бірлесіп өткізген әдеби-онлайн конкурстың жеңімпаздары бүгін, яғни, 7-желтоқсанда, Елордада марапатталды. Шарт бойынша ауыл тақырыбында жазылған үздік шығармаларды арнайы бекітілген қазылар анықтаған. Марапаттау рәсімі Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде өтті.

Байқау қорытындысы бойынша «поэзия» аталымында бақ сынасқан Ұларбек Дәлейұлы 1-орынға ие болды. Ал Дәурен Берікқажы мен Адал Қалиұлы екінші-үшінші орындарды өзара бөліске салды.

Үміткерлер саны көп болғандықтан ұйымдастырушылар тағайындалатын 9 жүлделі орынға қосымша 8 арнайы әдеби сыйлық қосуды ұйғарған екен.

Поэзия аталымы бойынша Тұманбай Молдағалиев атындағы сыйлыққа Ілияс Мұқайұлы иелік етті. Ал Фариза Оңғарсынова атындағы сыйлық Айжан Табаракқызына, Есенқұл Жақыпбеков атындағы сыйлық Алтынқадыс Күнтуғанұлына, «Әдебиет порталының» "ақын Әмірхан Балқыбек" атындағы сыйлығы  Нәзерке Рамазанқызына бұйырды.

Проза аталымы бойынша «Abai.kz» порталының контент-редакторы Өміржан Әбдіхалықұлы 1-орынды қанжығасына байлады. Жазушы Мақсат Рамазанұлы 2-орынға, Есболат Айдабосынұлы 3-орынға ие болды.

Проза аталымы бойынша Сайын Мұратбеков атындағы сыйлық Асан Әлиевке, Тәкен Әлімқұлов атындағы сыйлық Қанат Әбілқайырға және Сәкен Жүнісов атындағы арнайы сыйлық Мұрат Алмасбекұлына табыс етілді.

Драматургия аталымы бойынша Манарбек Қыдырбай – 1-орын, Алмас Мырзахмет – 2-орын, Әскерхан Ақтай – 3-орынға ие болды. Ал арнайы жүлдегерлер сапында:  Маржан Ершу – Өзбекәлі Жәнібеков атындағы сыйлыққа, Мінәйхан Салтанат – Асқар Тоқпанов атындағы сыйлыққа, Айсұлу Жолтайқызы – Қалтай Мұхамеджанов атындағы сыйлыққа қол жеткізді.

Айта кетейік, барлық аталымдар бойынша жүлдегерлерге ақшалай сыйлық табыс етілді.

Конкурстың Гран-приі «Алтын тұғыр» жүлдесі ақын Ұларбек Дәлейұлына табыс етілді.

«Ауыл» партиясы мен «Әдебиет порталы» бірлесіп өткізген әдеби-онлайн конкурстың жеңімпаздарын шын жүректен құттықтай отырып, проза номинациясы бойынша екі бірдей жүлдеге қол жеткізген Өміржан мен Қанаттың жеңісіне желпіне қуанатынымызды жеткізгіміз келеді. Көсемсөздің серкесі болып танылған қос өреннің көркем шығарма аламанында әрдайым аты озсын деген тілектеміз!

Құрметпен, аbai.kz ұжымы

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1464
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1323
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1074
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1120