Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2692 0 пікір 9 Қыркүйек, 2010 сағат 06:03

Серғазы МҰХТАРБЕКОВ, «Қазақстан» газетінің бас редакторы: АЛТЫНБЕКТІ АЙТУ – «ҚОРҚЫНЫШТЫ ТАҚЫРЫП»

Белгілі саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы көзі тірі болса, биыл 48 жасқа толатын еді. Адам қолымен жасалған «ажалдан» опат болған арыстың қазасына кімдер қатысты екені әзірге елге жұмбақ. Бірақ заман тұтқасын ұстағандардан құтылар заман туғанда, ол бәрібір ашылады.

Осы орайда біз Алтынбекпен бірге оқыған курстасы, «Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің редакторы Серғазы Мұхтарбековті «Дат, тақсырға» шақырған едік.

 

- Серғазы мырза, сіз Алтынбек Сәрсенбайұлымен КазГУ-де бірге оқып, кейіннен де жақын жолдас болған екенсіз. Алтынбектің қазасынан жүректе қалған қаяудың қайтар түрі бар ма?

- Әй, қайдам! Көзден кетсе де, көңілден өшкен жоқ қой. Біз 1979 жылы КазГУ-ге бірге оқуға түстік. Ол кезде бәріміз жаспыз. Ол да - біз сияқты ауылдан арман арқалап келген бала жігіт. Мен аудандық газетте жұмыс істеп келген, журналистикадан тәжіри­бесі бар сақа студенттердің қатарында болдым. Бізді мұғалімдеріміз: «Бұлар бәрін біледі!» - деп, арқа­мыздан қағатын. Ал Алтынбек енді ғана мектеп бітіріп келген жігіт болғанымен, көп ізденіп, көп оқитын еді.

- Бірақ, Алтынбектің өмірбаянында «МГУ бітірді» деп жазылған екен...

Белгілі саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы көзі тірі болса, биыл 48 жасқа толатын еді. Адам қолымен жасалған «ажалдан» опат болған арыстың қазасына кімдер қатысты екені әзірге елге жұмбақ. Бірақ заман тұтқасын ұстағандардан құтылар заман туғанда, ол бәрібір ашылады.

Осы орайда біз Алтынбекпен бірге оқыған курстасы, «Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің редакторы Серғазы Мұхтарбековті «Дат, тақсырға» шақырған едік.

 

- Серғазы мырза, сіз Алтынбек Сәрсенбайұлымен КазГУ-де бірге оқып, кейіннен де жақын жолдас болған екенсіз. Алтынбектің қазасынан жүректе қалған қаяудың қайтар түрі бар ма?

- Әй, қайдам! Көзден кетсе де, көңілден өшкен жоқ қой. Біз 1979 жылы КазГУ-ге бірге оқуға түстік. Ол кезде бәріміз жаспыз. Ол да - біз сияқты ауылдан арман арқалап келген бала жігіт. Мен аудандық газетте жұмыс істеп келген, журналистикадан тәжіри­бесі бар сақа студенттердің қатарында болдым. Бізді мұғалімдеріміз: «Бұлар бәрін біледі!» - деп, арқа­мыздан қағатын. Ал Алтынбек енді ғана мектеп бітіріп келген жігіт болғанымен, көп ізденіп, көп оқитын еді.

- Бірақ, Алтынбектің өмірбаянында «МГУ бітірді» деп жазылған екен...

- Иә, ол үшінші курстан кейін Мәс­кеуге - МГУ-ге ауысып кетті. Бірақ біз оқуды бітіргеннен кейін де бірге жүрдік. Отбасымызбен араласып тұрдық. Алтынбек Құдай маңдайынан си­па­ған, бағы жанып келе жатқан азамат еді... Ұлттың, мемлекеттің сөзін сөйлеп, жоғарғы қызметте болды. Ұлттың тұлғасына айналды. Ол билікте жүрген кезінде ешқашан ұлттық мүдде тұр­ғысында ешкімге дес берген емес. Әлі есімде, 1993 жылы болуы керек, мен «Халық кеңесі» газетінде қызмет ат­қарып жүргем. Үкіметте ұлттық валютаны қолданысқа енгізу туралы отырыс болды. Сол отырыста Алтынбек ұлттық валюта туралы тұ­шымды пікірлер білдіріп, оны қолданысқа енгізу ке­рек­тігі жөнінде тамаша ой айтты. Жиналыстан шық­қаннан кейін, оның бірге қызмет істеп жүрген орыс жолдастары: «Алтынбек, саясат болған соң мін­беде қандай сөз болса да айтасыз ғой. Бірақ шыныңызды айтыңызшы, өмірде ондай пікірде емес шығарсыз?»  - деп сұрады. Сонда Алтынбек: «Менде ұлт мүддесі туралы екі ой жоқ: өмірдегі шындығым да, мінбедегі сөзім де - сол», - деп, кесіп айтқан еді.

- Алтынбектің бойынан сізге өнеге боларлық қандай қасиетті айтар едіңіз?

- Алтекеңнің бойындағы ең тамаша қасиеттердің екеуін ғана айтайын. Біріншісі, ол - ұлтты сүюде шексіз махаббатымен берілген жан. Екіншісі, өзін-өзі сыйлайтын ерекше қасиеті бар болатын. Ұлтын сүюде Алтынбектен артып, қазаққа шынайы берілген азамат кемде-кем.

Ал екінші қасиеті туралы бір әңгіме айта кетейін. Ол өзін-өзі сыйлағаны соншама, бүгінгі шаруаны ешқашан ертеңге қалдырмайтын. 1993 жылы бірге оқыған курстас, дос жігіттер жиналып, Арыстан бабты басып, Қожа-Ахмет Яссауидің кесенесіне түнеп, одан ары Бұхара, Самарқанд жақты аралайтын болып жолға шықтық. Ол кезде Алтынбектің министр кезі болатын. Астында жекеменшік «Жигулиі» бар. Біз Арыстан бабтан шығып, Түркістанға жетіп қал­ғанда, Алтынбектің машинасы сыр берді. Мен Дархан досым екеуміз артта келе жатқанбыз. Алтынбек жол шетінде тоқтап тұр екен. Сөйтсек, машинаның генераторы орнынан босап қалыпты. Олардың ара­сындағы ертерек машина мінген шебері - менмін.

Алтынбек маған «жөнде» дейді. Жөн­дейін десем, генератор қызып тұр. Күн де қапырық. Содан мен Алтынбекке Түркістанға дейін жете алатынымызды, мұның түк етпейтінін айтып әлек болдым. Бірақ оған Алтекең көнбейді. Ол үшін бүгін бітіретін шаруаны ертеңге қалдырмау керек. Амал не, ысып тұрған «генераторды» қолымның күйгеніне қарамай жасадым... Алтынбектің бо­йында осындай тиянақтылықты сүйетін жақсы қасиеттері көп болатын.

- Сәрсенбайұлын білетін біраз азаматтардың: «Алтынбектің сол жақсы қасиеттерін бойына сіңірген шәкірттері бар», - деген сөздерін естіп жүрміз...

- Иә, оның тамаша қасиеттерін, біліктілігін бойларына сіңірген біраз жігіттер бар. Мәселен, Айдос Сарым, Ерлан Сайыров сияқты осы күні жұрт жақ­сы білетін, ұлттың сөзін сөйлеп жүрген шәкірттері бар.

Алтынбектің қызмет істеудегі бір ерекшелігі - ол министрлікке барғаннан кейін, қасына сайдың тасындай өңшең жастарды тартып, министрлікті кәрі-құртаңнан тазартты.

Осы күні Алтынбектен тәлім алған азаматтар көп. Алайда оның бойындағы барлық қасиетті айна-қатесіз меңгерген шәкірті бар деп айта алмаймын. Барлары - Алтакеңнің бойынан өз әлдерінше бір-бір жақсы қа­сиет­ін сіңірген. Мысалы, Айдос Са­рым­ның жазғыштығы, жазғанда кең көлемде ой қорытатын, іліп түсетін ерек­шеліктері - Алтынбектен алған қасиеттері. Ал Ерлан Сайыров Алаш тарихының мәсе­лесіне келгенде, Алтынбектей қазмет етіп жүр.

Берік Әбдіғалиев ше? Ол билікке кеткеннен кейін де өз ұстанымынан танған жоқ. Халық үшін шамасы кел­ген­­ше жұмыс жасап жатыр. Мысалы, «Zona.kz» сайтының қазақша бетін аш­ты. «Абай» ақпараттық порталы Беріктің себепкер болуымен құрылды. Тіл туралы да тамаша жұмыстар жасады. Сонымен бірге осыдан алты-жеті айдың алдында Ұлытау ауданына әкім болып барды. Ал қазір Жезқазғанға ауысты. Бірақ оны іздеген ұлытаулықтар біздің газетке хат жазып, қимайтын­дықтарын айтып жатыр.

- Секе, бүгінде Алтынбекті ауыз­ға алу - бұрындары төңірегінен шықпайтындарға қатерлі тақырыпқа айналған жоқ па? Біз марқұмды еске алып, тым құрығанда, Алтынбектің әзіл-қалжыңын айтып беруге қолға салған ағайындар неге Алатауды айнала қашқанын біле алмадық...

- Алтынбек сияқты арыстай азамат­тың қазасы кім-кімге болсын ауыр соққаны анық. Айналасындағы курстас, достары үшін де бұл қаза қабырғамызды қайыстырып кетті. Ал бір кездері Алтынбекпен бірге жүрген жігіттердің «сақты­ғын» түсінемін: Сәрсенбайұлы туралы сөйлеу біреуге ауыр, біреуге «қорқы­нышты тақырып» екені рас.

- «Қорқынышты тақырып» де­геніңізден шығады, осы күні Алтынбектің шапағатын көрген курстастары арасында да «сақтық сақтау» үрдісі пайда болған сияқты. Мұны қалай түсіндіресіз?

- Иә, бұл пікіріңізді жоққа шығара алмаймын. Алайда өз курстастарымның сыртынан артық пікір айту - азамат басыма жараспас. Оларға да сын жоқ шығар. Өйткені данышпан Абай айтқан­дай, адамды заман билеген уақыт қой қазір.

Әлі есімде, 2004 жылы болатын. Алтынбек қайтадан министр болған кез еді. Бір шаруамен оған кездесетін болып қоңырау шалып едім, ертесі ертерек келуімді өтінді. Уақытында келсем, қабылдауға менен бұрын бір топ жазушылар кіріп кетіпті. Арасында шоқтығы биік Әбдіжәміл Нұрпейісов бар. Бәрі кезек-кезек Алтынбекті мақтап: «Бұл орын өзіңе ғана лайық, сенсіз бұл орын босап, жұтап қалды», - деп, даурығысып жатыр екен. Сөздерінде бәтуа жоқ сол ақын-жазушылар министрліктен Алтынбек кетіп, Мұхтар Құл-Мұхаммед келгенде де баяғы «жарапазандарына» басты. Мұхтар да біздің курстас қой. Қа­ламгер көкелеріміз пендені айтпа­ғанда, Құдайдан қорықпай, Мұхтар келгенде екінші рет жағымпазданғанын көрге­німде жағамды ұстадым.

Біздің ақын-жазушыларға айтар өкпе таусылған. Былтыр Мұхтар Әбілә­зев «БТА банкінен» қудаланған кезде «Қазақстан» газетінде мақала жаздым. Мақаламда банк жариялаған мүшәйра­дан жүлде алған ақындардың тым бол­ма­ғанда Мұхтар үшін бір ауыз пікір білдір­меген ездіктерін сынадым.

Жасыратыны жоқ, Алтынбек туралы жазатын сіздердің газетті айтпағанда, «Жас Алаш», «Свобода слова», өзім шығаратын «Қазақстан» апталығынан басқа бірде-бір басылымды атай алмаймын. Жалпы, Алтынбек туралы қо­ғам­да қордаланған жүйелі пікір бар. Уақыты жеткенде ол айтылады, жазылады және бағасы беріледі.

- Алтынбек Сәрсенбайұлының айтқыштығын, әзілге жақындығы туралы білетіндер көп айтады. Алайда газетке басуға курстастарынан ешкімді «ұстай» алмадық. Енді орайы келген соң, сол қолқаны сізге салсақ...

- Иә, Алтекеңнің әзілдері «кісі өлтіретін». Ол қазақы әзіл, ұлттық ұғым жөнінен алдына жан салмайтын азамат еді.

Бір қызық әңгімесін айтып берейін. Алтынбек министр болып отырған кез екен. «Түркістан» газетіне 4 мың оқыр­ман жазылыпты. Ол кезде «Түркістан­ның» редакторы марқұм Қалтай аға Мұхамеджанов болатын. Оның руы  қожа ғой. Алтынбек Қалтайға қоңырау шалып: «Қалеке, Қазақстанда қанша қожа бар екенін білдік...» - депті. Қале­кең аңқалаңдап, қалай демесі бар ма, сонда Алтынбек: ««Түркістан» газетіне 4 мың адам ғана жазылыпты ғой...» - депті.

- Секе, сіз тәуелсіз газеттің редакторысыз, тәжірибеңіз бен біраз жылғы қызметіңіз қазақ журналистикасы туралы тұшымды ой қорытуыңызға жетерлік шығар: бүгінгі қазақ журналистикасына не жетпейді?

- Қазақ журналистикасына бүгінгі күні, біріншіден, тәуелсіздік, екіншіден, ақиқатты айту жетіспейді. Мақтан­ғаны­мыз емес, Құдайға шүкір, қазақтілді талантты журналистер көп. Алайда олар ақиқатты айтып, шындықты жазуға келгенде табандылық таныта алмай жүр. Бұлай болғанда, қазақ журналисти­касының көсегесі бүгін-ертең көгере қой­масы анық. Ондай авторлардың жалтақ мақаласын оқып өскен ұрпақ - оқырман да оңбайды. Яғни өтірік айтады, жалған сөз сөйлейді.

Шындықты сөйлеп, тәуелсіз ой айтып жүрген санаулы төрт-бес басылымнан басқа газет-журналдардың бәрі мемлекеттің қарамағында. Кейбір БАҚ кәрістердің немесе Ресейдің қаржысы­мен шығады. Демек, олардың қазақ мүддесін қызғыштай қорғай қой­масы - айдан анық шаруа. Мысалы, «КТК» - қоғамдық-әлеуметтік мәселе­лерді тәп-тәуір көтеріп жүрген телеарналардың бірі. Алайда оның да «қолбала» қызметін атқарып жүрген кездері бар.

Жуырда сол «КТК» телеарнасында Астана қаласының құрылыстары туралы бір хабарда Болат Атабаев пен Ермек Тұрсынов екеуі тас қаланың өлі бейнесі туралы ащы айтты. «О, бәре­келді!» деп отырсам, эфирге үшінші болып Жарқынбек деген бұрын «Экспресс-К»-ның журналисі болған, Машкевич­тің қолтығының астында жүрген азамат шыға келді.

Сонда түсіндім біздің журна­листер­дің Астана үшін дүрдараз болып, алпауыттық топтардың сөзін сөйлеп жүргендерін.

- Бұдан бұрынғы жылдары тәуелсіз басылымдардың журналистері саяси мақалалары үшін оққа ұшып немесе із-түссіз жоғалып жататын. Ал соңғы бір жылдың ішінде діни мәселе көтерген журналистердің қысымға алынғаны жөнінде бірнеше факт тіркеліпті. Қалай ойлайсыз, Қазақстан үшін енді саясаттан діннің маңызы арта бастаған ба?

- Әрине, дін қоғамда күйіп тұрған мәселелердің біріне айнала бастады. Несін жасырайық, осы діннің артқы тірегі күшті ме, қаржысы көп пе, кім біл­сін, дін  «дөңгелеп-ақ» тұр ғой. Бұрынғы жылдары сіздердің «Дат» жобасындағы басылымдарыңыздан саяси мақала жаз­ғандары үшін журналистердің қы­сым­ға алынғаны туралы бірнеше оқи­ғаны көзбен көріп едік. Қазір дін мәсе­лесіне араласқан тілшілердің жо­ғалып немесе істі болып жатқан­дарын естіп жатырмыз.

- Күз - науқан. Саясат үшін де бұл мезгіл ауыс-түйіс болатын немесе есеп беретін кез. Қазақ мәселесі мен билік саясатында биылғы күздің бейнесі өткен жылдағыдан қалай болатын сияқты?

- Биылғысы былтырдан өзгерек бола қоймас... Бір адам бар мәселені шешкен қоғамның тамырында қан жүгірмейді...

«Қазақстан» газетіндегі мақалала­рым­да Назарбаевты «Менің мәңгілік президентім!» деп жазамын. Оны кеке­тіп, мұқатып айтқан пікірім емес. Шындығы солай. Назарбаев - тәуелсіз елдің бірінші және соңғы президенті. Өйткені ол осы билігін пайдаланып, Қа­зақстанды Ресейге қайтадан қосып береді немесе Татарстан сияқты, Ре­сейдің құрамындағы автономиясы болып қаламыз. Біз тәуелсіздікті қараусыз қалған жерінен «тауып» алдық. Яғни Ресей өзіне тәуелсіздік жариялағаннан кейін (кімнен тәуелсіздік алғанын біл­мей­мін), біз тәуелсіз ел болдық.

- Үкімет жақтан биліктің сөзін сөйлейтін, үкіметтік мәртебесі бар газеттерді шығаруға ұсыныс түскен жоқ па?

- Қара нан жесем де, қаржысы мол дүниеге көз байлап бара алмаймын... Алтынбек марқұм да биліктен кеткенде үкіметтің былығы мен шылығына шыдай алмаған ғой. Қазірше үкіметтік мәрте­бесі бар газеттерден ешқандай ұсыныс түсе қойған жоқ. Егер ондай жағдай болып жатса (оған күмәнім бар), ақтан басқа жағым жоқ екенін ашып айтам. Басқа дерім жоқ.

- Осы күні жұрт арасында оппозициялық партиялар мен тәуелсіз басылымдар жөнінде алуан түрлі пікір бар. Мәселен, біздің үкімет әлемге Қазақ­станда демократияның бар екенін көрсету үшін оппози­циялық партияларды қолмен жасап, басылымдарды үкімет есебінен қаржыландырып отыр деген сөз айтылады. Біздікі «ДАТ» жобасындағы өз газетімізді ақтап алу емес, сырткөз ретінде сіздің пікіріңіз арқылы оқыр­манға әңгіменің мән-жайын түсіндіру...

- Мұндай пікірді біріншілердің біреуі болып Рахат Әлиевтің айтқанын оқыдық қой. Алайда үкімет шынымен оппози­циялық партияларды қаржыландыратын болса, онда біздің газетке де бір ұш­қыны тиіп қалса керек-ті. Бірақ ондай ақшаны көрген жоқпын. «Азат» пен «Ал­ға» партиясы туралы анық пікірім - ол екеуі үкіметтен бір тиын ақша алмайды. Ал «Әділет» партиясы туралы бірдеме дей алмаймын.

Енді тәуелсіз басылымдар жағда­йына келсем, үкімет ондай қармақты әдейі салады. Оны сіздердің «Дат», «Сво­бода слова» газеттері «қауып», біраз жаманатқа қалды емес пе.

Бірақ үкіметтен ақша алдық екен деп, Ермұрат Бапи да, Гүлжан Ерғалиева да айылын жиған жоқ қой. Қалай айтсақ да, тәуел­сіз басылымда қызмет етіп жүрген журналистерді құрметтеу, сыйлау керек. Халық алдында «Егемен Қазақстан» мен «Даттың» қайсысының жүзі жарық, қайсының көтерген жүгі ауыр екенін пре­зидент те, қойшы да жақсы біледі. Бірақ баға берілмей отыр. Баға - бола­шақтың еншісінде.

- Секе, Әңгімеңізге көп рақмет!

 

Жұқамыр ШӨКЕ,

«D»

 

АЛТЫНБЕКТІҢ ӘЗІЛІ

Алтынбек әзіл-қалжыңды театрда қойылғандай етіп ұйымдастыратын. Бірде курстастар бас қосып отырғанбыз. Анау-мынауды айтып отырғанда, сту­денттік күндерде барлық жас жігіттер бастан кешетін бір жағдаят еске түсті. Біз екінші курс­ты бітірген жылы Қос­танайға картоп теруге бардық. Сол жерде бозбала курстасымыз Сағатбек Ме­деубекұлы (профессор, қазір ҚазМУ-де сабақ береді), қазіргі тілмен айтқанда, «қызбен жүреді» ғой. Жиырма жылдан кейін соны Алтекең тамаша әзілге айналдырды.

Әзіл былай: Алтынбек бір студент баланы тауып, оған Сағатбектің үйінің телефонын берді. Сонымен бірге қалжыңның сценарийін түсіндірді. Яғни студент бала Сағатбектің Қостанайда «жүрген қалыңдығынан» туған бала болып, телефон шалуы керек.

Ол «жүгермек» те әртіс екен, Сағат­бек тұтқаны көтерген жерде-ақ: «Сағын­дырған әкем-ау!» - деп боздап қоя береді. Сағатбекте ес жоқ. Содан бала өзін таныстырып: «Мамам сізге бір жа­ба­ғы сойып беріп жіберіп еді», - дейді. Сағатбек тайдың етін алу үшін баламен Екінші Алматы теміржол бекетінде кездеседі. Біз ол жерге алдын ала барып, камерамызды қосып тұрмыз.

Бір кезде Сағатбек келді. Бала еңкіл­деп жылап, оны құшақтап көрісіп жатыр. Ол баланы жұбатып жатып: «Ет қайда, ет?» - деп қояды. Дәл сол кезде жан-жақтан біз де шыға келіп, қыран-топан күлкіге баттық. Сасып қалған Сағатбек: «Сөйтіп те қалжыңдай ма екен?..» - деп қипақтап қалды.

Ойынымыз біткен соң, бәріміз Са­ғатбектің үйіне барып, бір қойын сойдырып, қымызын ішіп қайтқанбыз. Ал­тын­бектің ондай-ондай қызықтары көп.

 

«Общественная позиция» газеті (проект «DAT» № 31 (68) 08 қыркүйек  2010 жыл.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2029
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2464
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2043
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1590