Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2653 0 пікір 7 Қыркүйек, 2010 сағат 05:49

Сіз қай елдің министрісіз?

Құрметті Рашид Төлеутайұлы!

Сіздің министрлік Қазақстандағы адамдарды идентификациялайтын бірден бір мемлекеттік орган болғандықтан, қазақтардың аты-жөнінің рәсімделуіне бірден бір жауапты болып табылады. Алайда, Сіз әлемдегі екі жүзге тарта мемлекеті бар ұлттың біріне жататын қазақ халқының бүгінгі аса күрделі жағдайдағы оним мәселесінен беймәлім боларсыз. Бірақ бұл мәселе қазақ ортасында әбден жауыр болған жайт. Егер Сіз бұл мәселеден хабардар болсаңыз, онда кейбір қазақша есімнің немесе тектің кемінде жиырма түрлі бұрмаланып, орыс тіліндегі төлқұжаттарға түсіп, қор болып отырғанына назар аударған болар едіңіз, тіл мамандарының дауысы құлағыңызға жеткен болар еді.

Әрине, әрбір баланың, азаматтың аты-жөнінде Сіздің министр ретінде ісіңіз болмауы мүмкін және ол әркімнің жеке құқығы да, шаруасы да. Алайда, өзінің тәуелсіз елінде өмір сүріп, аты-жөнін ана тілінде рәсімдей алмай отырған қазақ деген халықтан хабардар болу - Сіздің азаматтық парызыңыз ғана емес, мемлекетке мәйек болып отырған қазақ ұлтының алдындағы міндетіңіз болар еді.

Сіз басқарып отырған министрліктің бүгінгі қызмет дәстүрі бойынша, Қазақстан азаматтары өздері жалынып-жалпайып болмаса талап етпейінше, мемлекеттік тілдегі куәлік пен төлқұжат алу мүмкін емес, есесіне Ресейдің мемлекеттік тіліндегі және орыс дәстүріне негізделген аты-жөнді арқалау қазақтардың заңды түрде бекіген сыбағасы іспетті. Сонда мемлекеттік тілде құжатын рәсімдей алмайтын адам өзін қай елдің азаматы сезінуі керек деп ойлайсыз? Ал, Сіз азаматтарын өгей дәстүрмен рәсімдейтін орган басшысы бола тұрып, өзіңізді қай елдің министрі сезінесіз?

Сіздің ойыңызша, орыс үлгісіндегі аты-жөннен ажырамау - қазақтың маңдайына жазылған заң ба, әлде күнәһарлық белгісі ме? Тәуелсіздігіне жиырма жыл толғалы отырған ұлттың құлдық белгісіндей «ов» пен «ичтен» ажырау соншалықты қауіпті ме? Нормативтік-құқықтық жағдай көтермесе, Сіздің министрлік неге бастама жасап, өз міндетін атқармайды? Елдегі азаматтардың сексен пайызы түркітекті жандар бола тұрып, славянтекті ониммен рәсімделу қандай ырым, қандай акт? Бір елдің азаматтары ала-құла тілде неге рәсімделеді?

Министр мырза! Аталған мәселе, атүсті қарайтындай ұсақ-түйек нәрсе емес, тіпті, заңнан тыс та жайт емес! Қазақстандық куәлік пен төлқұжатта барлық азаматтардың аты-жөндері әуелі мемлекеттік тілде рәсімделіп, қосымша орыс және ағылшын тілдерінде транскрипциялануы мүмкін! Елдегі барлық актілер ең әуелі мемлекеттік тілде рәсімделу тиіс екендігін жақсы білесіз, бірақ бұл жайт бойынша қордаланған мәселені қарастырмау мемлекеттік мүддені аяқасты ету емес пе?! Қазақ атынан министр болып отырған Сізге ешқандай қатысы жоқ па? Сіздің министрлік неге қоғамдық элита мен тіл мамандарын қатыстырып, мәселені қолға алмайды?

Қоя берсек, сауал көп. Бүкіл ұлттың атынан сөйлеуге, оның жоғын жоқтауға менің қақым жоқ, бірақ қазақ деген сұраусыз халық та жоқ емес екенін Сіз де ескеруіңіз керек.

Сағат  Есмаханұлы, Қазақстан Республикасы азаматы

0 пікір