Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2610 0 пікір 6 Қыркүйек, 2010 сағат 19:17

Өркен Кенжебек. Қалелованың “жоғары жақпен” байланысы бар ма?

Қасиетті Рамазан айында «Қазгидромет» мекемесі шамасы 85 жылдық тарихында жасап көрмеген болжамын жария етті. Аталмыш мекеменің бас директорының орынбасары Анаргүл Қалелова «1-2 желтоқсан аралығында Астанада өтетін ЕҚЫҰ саммитіне қатысты айтарым: ауа-райы құбылмалы болады, алайда суық қыспайды. Құлақ үсітетіндей аяз болмайды деп күтеміз», - де-е-еп, жастардың тілімен айтқанда «прикол тастады».

Бұның алдын-ала болжау екенін де білеміз, бірақ біздің синоптиктердің "аспан канцеляриясынан" келісім алып келгендей сеніміне қайран қаласың ... Әлде қайбір әпербақаннан «Саммитті өткізу кезінде жылы ауа, бұлтсыз аспанмен қамтамасыз етіңдер! Жауаптылар (аты-жөні?), атқарушылар (аты-жөні?)... Болмаса, жазалаймын!» дегендей, бұйрық түсіп пе екен? Қысқасы, «Қазгидрометке» тоқсан күннен соң болатын тойға болжам айтатындай бастарына не күн туды ? Былайға жұртқа мұның бәрі - қоғамдағы маразмның бейқисындық моделі. Тап осылай тақылдап тұрмаса да, осы хабарды естігенде, тістеніп тұрып, «ырқ» етіп күледі.

Естеріңізде болса, екінші тамызда орыс патриархы Кирилл алақанын жайып жіберіп, Құдайдан жауын сұраған. Апшысын аптап қуырған Ресейдің алқабына көздің жасындай да тамшы түспеді. Сонымен не керек, көршіміздің кәззап журналистерінен саясаткерлеріне дейін Кириллдің тақуалығына күмән келтіріп, оның «аспанға факс жолдауы» шынайы болмады-ау деп шыжғырды. Қорықсақ, сол Кириллдің басындағы кепті Қалелова кимесе екен деп қорқасың... Ал, әзірге Анаргүл ханым «не айттым осы?» деп, ойлана жүрсін.

Саммит те, желтоқсан да келіп қалар. Асыға күтудеміз...

"Абай-ақпарат"

0 пікір