Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4792 0 пікір 27 Қыркүйек, 2016 сағат 13:54

Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің XVIII республикалық байқауы өтеді

Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің XVIII республикалық байқауының

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

 

Шымкент қаласы                                               28 қыркүйек 2016 жыл

 

Өтетін орны: Оңтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театры

Басталуы: 10.00 

 

          Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті үстіміздегі жылы
28 қыркүйекте Қазақстан халқы тілдерінің республикалық фестивалі аясында Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің XVIII республикалық байқауын өткізеді.

          Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, ел ішінен талапты, талантты жастарды іздеп табу. Көркем шығармаларды оқып-үйрену мен насихаттауда жастардың ықыласы мен қызығушылығын арттыру.

          Байқауға еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан облыстық, қалалық деңгейде өткізілген байқаулардың жеңімпаздары (барлығы 16 үміткер) қатысады. Байқау ережесіне сәйкес үміткерлер Оралхан Бөкейдің және басқа да елімізге белгілі, сөз өнеріміздің дамуына өзіндік үлес қосқан драматург, ақын-жазушыларымыздың кез-келген шығармаларынан үзінді оқып, өз өнерлерін ортаға сала алады.

          Байқау қатысушыларының жұмысы мен жеңімпаздарын зиялы қауым өкілдері мен ғалымдардан құралған қазылар алқасы бағалайды және анықтайды. Байқау жеңімпаздары дипломдармен, алғыс хаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

          Қосымша ақпарат алу үшін мына мекенжайға хабарласуға болады: ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы

          Байланыс телефондары: 8(7172) 40 83 93, 8-775-672-72-47, 8-777-175-35-75

 

0 пікір