Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4367 0 пікір 1 Қазан, 2016 сағат 21:09

ОҚО-да қарттар күні мерекесі аталып өтті

Бүгін өңір басшысы Б.Атамқұлов 1 қазан - Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай ұйымдастырылған салтанатты шараға қатысты. Онда өңір басшысы қазыналы қарияларды мерекемен құттықтап, бірқатар ардагерлерді марапаттады.  

«Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ардагерлер – біздің алтын қорымыз, мақтанышымыз» деп әрдайым өзінің ардагерлерге деген құрметін білдіріп отырады. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіздің орны біз үшін қашанда бөлек. Қадірменді ардагерлер! «Қарты бар ел – қазыналы ел» дегендей, Сіздер біздің қазынамыз болумен қатар, бағыт-бағдар беретін даналықтың сарқылмас бұлағысыздар», - деді аймақ басшысы.Сондай-ақ, мерекелік шарада облыс әкімі «Қарттарым-қазынам» облыстық акциясын өткізуді ұсынды.

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында облыстағы ардагерлерімізге жан-жақты қамқорлық шараларын ұйымдастырып, барынша қолдау көрсетуді мақсат тұтқан шараға атқарушы, өкілетті, құқық қорғау органдары, кәсіпкерлер мен облыс тұрғындары шақырылды.

Айта кетейік, облыста  220 мыңнан астам зейнеткер болса, оның 300-і Ұлы Отан соғысының ардагерлері, 2942-і Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендер болып табылады. Ал 21 мыңға жуық тыл еңбеккерлері есепке алынған. Бүгінгі таңда мемлекетпен кепілдендірілген төлемдер көлемі жыл сайын көтерілуде, облыстық және жергілікті бюджеттер қаржысы есебінен де түрлі әлеуметтік қолдаулар ұйымдастырылып келеді. Атап айтқанда 3 мыңнан астам соғыс ардагерлері мен аз қамтамасыз етілген қариялық облыстық басылымдарға тегін жаздырылып келеді. «Қамқорлық» акциясы шеңберінде биылдың өзінде 10,9 мың жуық ардагер қоғамдық көліктерде тегін жүруге, коммуналдық қызметтерге жеңілдіктер алды. 

Ардагерлерді сауықтыру мәселелеріне де ерекше мән беріледі. Мұқтаж азаматтарды сауықтыруда облыс орталығындағы «Ардагерлер үйі» мен «Мейір» ардагерлер үйінде жылына 8 мыңға жуық адам ем алып, демалады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1785
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1769
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1489
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1390