Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2615 0 пікір 5 Қазан, 2016 сағат 09:18

Оңтүстікқазақстандық делегация жұмыс сапарымен Австрияда болды

Ағымдағы жылдың 29-30 қыркүйек күндері ОҚО әкімінің бірінші орынбасары Д.Сатыбалды бастаған бір топ делегация жұмыс сапарымен Автрия Республикасында болып қайтты.

Екі күндік іссапарда оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлер Австрияда өткен «Фельден» форумына қатысып, кәсіпкерлік, денсаулық сақтау, қоршаған орта мен жастар ісі, мәдениет, білім, сонымен бірге, спорт салаларында бірлесе жұмыс істеу аясындағы келісімге қол жеткізді. Жиында Оңтүстік Қазақстан облысының туризм және экономикалық мүмкіндіктері 1000-ға жуық қатысушылардың алдында таныстырылып, делегацияның келу мақсаты түсіндірілді.

«Оңтүстік Қазақстан облысы мен Каринтия жері турасындағы» құжаттамаға сәйкес жасалған келісімдер нәтижесінде, жастар түрлі салаларда тәжірибе алмасуға мүмкіндік алып, қос елдегі бірлескен кәсіпорындардың саны артатын болды.

Еске салайық, оңтүстікқазақстандық делегация осы жылдың тамыз айында Австрия Республикасының Каринтия қаласына жұмыс сапарымен барып, туыстық қатынасты нығайтуда түрлі салалар шеңберінде келісім жасауға уағдаласып қайтқан болатын.

Жұмыс сапары шеңберінде Оңтүстік Қазақстан облысы делегациясының мүшелері аталған елдегі дәнекерлік электродтар шығаратын Voestalpine Böhler Welding зауытын, Ласницхёэ оңалту орталығын және Andritz AG су электр стансасын тамашалады, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Сонымен қатар, оңтүстікқазақстандық делегация Штирия Федеральді жерінің ресми және іскерлік топтарының өкілдерімен кездесу өткізді. ОҚО кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы М.Қарабаев пен «Ontustik Tourism Center» ақпараттық орталығы директорының міндетін атқарушы Ж.Төлебеков Австрия тарапына Оңтүстік Қазақстан облысының туристік мүмкіндіктерін таныстырса, Штирия кәсіпорын иелері және туризм бірлестігінің өкілдерімен өзара ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Айта кететін тағы бір жайт, оңтүстікқазақстандық делегацияның Австрияға сапары кезінде бүгін ондағы әлемге әйгілі веналық Ringenstrasser галереясында «Оңтүстік» көркемсурет көрмесі өз жұмысын бастады. 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1329
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1183
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 926
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1037