Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
Деп жатыр 5081 0 пікір 5 Қазан, 2016 сағат 15:12

БАЯН МАҚСАТҚЫЗЫ:БІРЕУДІҢ ІСІНЕ АРАЛАСУДЫҢ ОРНЫНА ӨЗІҢІЗГЕ ҚАРАП АЛЫҢЫЗ!

Отандық продюсер Баян Мақсатқызы біреудің арқасында күн көретін әйелдерді сынап, оларға елдің бәрін өздеріндей көрудің қажет жоқ екенін ескертті. Бұл туралы ол желідегі парақшасында айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Бүгінде өмірінде болған ауыр оқиғадан соң Баян Мақсатқызы Үндістанда дем алып әрі денсаулығын қалпына келтіріп жүр. 10-маусым күні болған оқиғаның мән-жайын эксклюзивті сұхбатында айтып берген продюсер, қоғам тарапынан болып жатқан оның өміріне деген осыншама қызығушылықты түсінбейтінін де жеткізген. Өзінің өміріне қатысты түрлі өсек-аяңдардан шаршаған ол өз парақшасына кезекті рет жазба қалдырып, ол арқылы өміріне араласпауды, жерден өсек термеуді сұрады.

"Табыс та махаббат сияқты. Оны ақшаға сатып алу мүмкін емес. Өйтпеген жағдайда, мен мұны баяғыда-ақ сатып алар едім ғой. Бақытыма қарай өте көп жұмыс жасадым. Ақша қуаты да махаббат секілді, түрліше болады. Мен өзіме көңіл-күй, сүйікті жұмысына дене ынтызарлығымды, жаңа әсерлер, өз идеяларымды жүзеге асыруды ақшаға сатып алып жүрмін. Бірақ мен бұған араға көп жыл салып қол жеткіздім.

Еңбек терімді сылып отырып, жеттім осы күнге. Ал менің осы күнгі табысымды асппан салбырап түскен деп ойлайтындарға айтарым: айнаға барып, өзіңізге көз тастаңыз.  Кімнің арқасында қолда барыңызға қол жеткіздіңіз? Біреудің ісіне араласудың орнына, өзіңізге үңіліңіз. Айтпағым, кейде табысты әйелдің артында еркегі тұр деген де жаңылыс. Ол өзі де көп нәрсеге қол жеткізе алады. Бірақ, сіздер түсінбейтін шығарсыздар. Елдің ақшасымен күн көріп, біреудің арқасында өмір сүретін әйелдерге арналады бұл сөзім”, - деп жазды ашынған Баян Мақсатқызы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1634
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1558
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1298
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1255