Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Осы ғой енді... 5201 0 пікір 10 Қазан, 2016 сағат 15:55

МҰХАМЕДИҰЛЫ ЖЕЛІДЕГІ ШУҒА ЖАУАП БЕРДІ

Желіде Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тағы да шулы әңгіме тарала бастады. Жүргенов атындағы Өнер академиясының студенті Еңлік Сыдықова желі парақшасына видео жариялап, онда Мұхамедиұлын "арсыз ұсыныстар жасап, пара сұрады" деп айыптаптаған. Бүгін сол сынға министрдің өзі жауап берді, - деп хабарлайды NUR.KZ.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының желідегі шуға айтар өз уәжі бар екен.

"Мен бұл мәселеге пікір білдірмесем де болатын еді. Алайда, елге танымал тұлға, оның ішінде, Мәдениет министрі болған соң бұл мәселені айналып өтуге хақым жоқ. Бұл видео хабарламаның дәл сол уақытта емес, бірнеше жылдан кейін жарық көргені күдік ұялатады. Шамасы, біреулерге менің қызметімді қаралаған керек сияқты", - дейді Мұхамедиұлы.

Министр Еңлік Сыдықованың мәлімдемесін жала жабу деп танып, өз құқығын заңды жолмен қорғайтынын жеткізді.

"Меніңше, видео хабарламаны жазған қыз адвокаттармен жұмыс істеу керектігін білмейтін секілді. Мен мамандарға видеоны жақсылап зерттеуді тапсырдым. Енді барлығын заң талаптарына сай зерттейтін боламын", - дейді министр.

Мұхамедиұлының айтуынша, бұл өзіне қарсы әдейі ұйымдастырылған іс болуы мүмкін.

"Видео соңында ол Болат Атабаевтың тобында оқығанын айтып, өзін ұстап берді. Әрине, бәрі түсінікті. Мүмкін бұл қызға ақша төлеген шығар, мүмкін ол жай ғана өзін жарнамалағысы келген шығар", - дейді министр.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1519
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1368
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1117
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1148