Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2816 0 пікір 1 Маусым, 2009 сағат 06:37

Байқау мақсаты – театрлардың репертуарларын озық туындылармен толықтыру

Министрдің атап өткеніндей, республикалық байқау Елбасының 2006 жылғы Қазақстан халқына Жолдауындағы және Мемлекет бас¬шысының жақында театр қай¬раткерлерімен кездесуінде берген тапсырмаларын жүзеге асыруға орай жарияланып отыр. Өміршең туындылар көбінесе тапсырыспен жасала бермейді, деді Мұхтар Құл-Мұхаммед. – Бірақ кей жағдайда әлемдік музыка өнерінің ұлы туындыларының тапсырыспен де жазылатынын естен шығармағаны¬мыз жөн. Мұндай жағдайда біздің ті¬легіміз бен автордың, компози¬тор¬дың тілегі бір арнада тоғысып жатса, нұр үстіне нұр. Осы жа¬қында Бейбітшілік және келісім сарайында өздеріңіз тамашалаған Вердидің атақты “Аида” операсы 1869 жылы Суец каналының ашылу құрметіне байланысты Египет үкі¬метінің тапсырысымен жазылған. Сол тапсырысты орындау бары¬сында ұлы туынды өмірге келді. Опера мен балет туындыларын өмірге әкелу оңай шаруа емес. Ол ұжымдық еңбекті қажет етеді. Сондықтан министрлік осындай үлкен бастама көтеріп отыр.

Министрдің атап өткеніндей, республикалық байқау Елбасының 2006 жылғы Қазақстан халқына Жолдауындағы және Мемлекет бас¬шысының жақында театр қай¬раткерлерімен кездесуінде берген тапсырмаларын жүзеге асыруға орай жарияланып отыр. Өміршең туындылар көбінесе тапсырыспен жасала бермейді, деді Мұхтар Құл-Мұхаммед. – Бірақ кей жағдайда әлемдік музыка өнерінің ұлы туындыларының тапсырыспен де жазылатынын естен шығармағаны¬мыз жөн. Мұндай жағдайда біздің ті¬легіміз бен автордың, компози¬тор¬дың тілегі бір арнада тоғысып жатса, нұр үстіне нұр. Осы жа¬қында Бейбітшілік және келісім сарайында өздеріңіз тамашалаған Вердидің атақты “Аида” операсы 1869 жылы Суец каналының ашылу құрметіне байланысты Египет үкі¬метінің тапсырысымен жазылған. Сол тапсырысты орындау бары¬сында ұлы туынды өмірге келді. Опера мен балет туындыларын өмірге әкелу оңай шаруа емес. Ол ұжымдық еңбекті қажет етеді. Сондықтан министрлік осындай үлкен бастама көтеріп отыр.
Министр бұдан кейін жария¬ланған байқаудың алты саласына жеке-жеке тоқталды және бай¬қау¬дың мақсатымен таныстырып өтті. Байқаудың мақсаты, – деді осы жайында министр, еліміздегі драма, опера және балет театрларының ре¬пертуарларын жаңа туындылар¬мен, отандық авторлардың озық шығар¬маларымен толықтыру. Жасыратын ешнәрсе жоқ, 1986 жыл мен 2006 жыл аралығында, 20 жылда бізде бірде-бір опера және балет туын¬дысы жазылмапты. Оның басты себебі, сол кездердегі экономика¬лық қиындықтарға бай¬ланысты. Еліміздің экономикасы көтерілген кезде Еркеғали аға¬мыз¬дың “Абы¬лай хан” операсы дүниеге келді.
Мұхтар Абрарұлы байқаудың бұдан бөлек тағы үш мақсатына тоқталды. Оның бірі – опера мен балет шығар¬ма¬ларын жазатын отандық авторларды қолдау, екіншісі – сапасы жоғары туындылар арқылы жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеп, олардың Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру. Ал үшін¬шісі – дарынды, талантты өнер адамдарының танылуына мүмкіндік жасап, олардың шығармаларын БАҚ-тарда насихаттау. Сонымен қа¬тар, қазақстандық музыка туын¬дыларын халықаралық деңгейге шығару үшін олардың бәсекелестік әлеуетін арттыру.
Министрдің атап өтуінше, бай¬қау жеңімпаздарына тағайындалған сыйақылар көлемі де ауқымды.
Мәдениет және ақпарат ми¬нистрі Мұхтар Құл-Мұхаммед, сондай-ақ 74 жылдық шежіресі бар қазақ опера және балет туын¬дылары арасынан іріктелген, тақырыптық мазмұнымен, ұлттық бояуымен ерекшеленетін, уақыт елегінен, көрермен сынынан өткен 10 опера және 10 балет шығар¬ма¬сының партитураларын биыл бірін¬ші рет баспадан шығару көз¬де¬ліп отырғанынан да хабардар етті.

 

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасының Мәде¬ниет және ақпарат минис¬трлігі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2006 жылы Қазақстан халқына жасаған Жолдауындағы “Қазір мәдениет саласын дамытуда мем¬лекеттік қатысуды оңтайланды¬ратын, яғни біздің таланттары¬мыздың өзінің шығармашы¬лық қызметінің есебінен лайықты өмір сүру деңгейіне жетуіне мүмкіндік беретін жағдайлар жасайтын кезеңдер туды” деген тапсырмасын орындау, Қазақстан¬ның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдер қатарына кіру стратегиясына үлес қосу мақсатында елімізде тұңғыш рет му¬зыка, балет және драматур¬гияның төмен¬дегідей алты саласын қамтитын “ТӘУЕЛ¬СІЗДІК ТОЛ¬ҒАУЫ” деген тақырыпта респуб¬ликалық байқау жариялайды:
1) ең үздік опералық шығар¬маларға
2) ең үздік балеттік шығарма¬ларға
3) ең үздік драмалық шығарма¬ларға
4) ең үздік камералық музыка туындыларына
5) ең үздік қазіргі заманғы әндерге
6) ең үздік балалар әндеріне
Байқаудың басты мақсаты:
– республикадағы драмалық, опера және балет театрларының репертуар¬ла¬рын жаңа туынды¬лармен, отандық автор¬лардың озық шығармаларымен толықтыру;
– опера, балет және драматур¬гия саласында еңбек етіп жүрген отандық авторларды қолдау, олар¬ды көркемдік деңгейі жоғары шы¬ғармаларды тудыруға ынталандыру;
– сапалы музыкалық туынды¬лар ар¬қы¬лы жас ұрпақты қазақ¬стандық патрио¬тизм рухында тәрбиелеп, олардың туған Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру;
– дарынды, талантты өнер адамдары¬ның танылуына мүмкіндік жасап, олар¬дың шығармаларын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау;
– отандық орындаушылардың шығар¬машылық мүмкіндіктерінің шеңберін кеңейту;
– Қазақстандық музыка туындыларын халықаралық деңгей¬ге шығару үшін олардың бәсеке¬лестік әлеуетін арттыру.
Байқауда үздік деп табылған шығар¬ма¬ларға І, ІІ, ІІІ жүлделі орындар бойынша ақшалай сыйлықтар тағайындалады.
1) ең үздік опералық шығар¬малар байқауы
Бірінші жүлде – 4 500 мың теңге
Екінші жүлде – 3 000 мың теңге
Үшінші жүлде – 1 500 мың теңге
2) ең үздік балеттік шығармалар байқауы
Бірінші жүлде – 4 500 мың теңге
Екінші жүлде – 3 000 мың теңге
Үшінші жүлде – 1 500 мың теңге
3) ең үздік драмалық шығарма¬лар байқауы
Бірінші жүлде – 1 500 мың теңге
Екінші жүлде – 1 200 мың теңге
Үшінші жүлде – 800 мың теңге
4) ең үздік камералық музыка туындылары байқауы
Бірінші жүлде – 500 мың теңге
Екінші жүлде – 400 мың теңге
Үшінші жүлде – 300 мың теңге
5) ең үздік қазіргі заманғы әндер байқауы
Бірінші жүлде – 300 мың теңге
Екінші жүлде – 250 мың теңге
Үшінші жүлде – 200 мың теңге
6) ең үздік балалар әндері байқауы
Бірінші жүлде – 300 мың теңге
Екінші жүлде – 250 мың теңге
Үшінші жүлде – 200 мың теңге
Байқауда ең үздік деп танылған шы¬ғар¬малар еліміздің жетекші өнер ордала¬рын¬да: опера мен балет шығармалары – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік акаде¬миялық опера және балет театры мен К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында, драма туындыла¬ры – М.Әуезов атындағы Қазақ мемле¬кеттік академиялық драма театры мен М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік ака¬демия¬лық орыс драма театрында, сон¬дай-ақ Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мем¬лекеттік академиялық балалар мен жас¬өс¬пірімдер театры және Н.Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөс¬пірімдер театрының сахнала¬рында қойылатын болады. Қазылар тара¬пынан ең үздік баға алған камера¬лық музыка туындысы осы жанрда орындай¬тын жетекші мемлекеттік ұжымдардың репертуарына енгізі¬леді. Ал ең үздік қазіргі заманғы әндер мен балалар әндері респуб¬ликалық мерекелік концерттердің бағдарламаларына кіргізіліп отырады.
Байқаудың қазылар алқасы құрамында елімізге белгілі өнер қайраткерлері бар.
Байқауға ұсынылған шығарма¬лар бай¬қау шарттарына сай келмеген жағдайда қазылар алқасы ондай шығармаларға жүл¬де бермеуге құқылы. Ал аса үздік деп таныл¬ған шығармаларға қазылар алқасы¬ның шешімімен қосымша сыйақы тағайындалуы мүмкін.
Ұсынылатын жобаларды рәсім¬деуге қойылатын негізгі талаптар:
Байқауға бұрын-соңды жария¬ланбаған, орындалмаған, жаңа әрі түпнұсқа шығармалар ұсынылады.
Шығармалар СD дискі немесе MP-3 фор¬матындағы аудио жазба¬ларда, соны¬мен қатар қағазға түсірілген нұсқасында ұсынылады.
опера және балеттік шығармалар – клавир және/немесе партитура түрінде, либретто түрі бойынша қазақ және орыс тіліндегі мәтіндер, операның ұзақтығы – 2 актілі 100 минөттен кем емес, балеттік туындының ұзақтығы – 60 минөттен кем болмауы керек;
драмалық шығармалар – мәтін көлемі 40 парақтан кем емес, қағазға басылған мәтіндердің қарпі – Tіmes New Roman, жол арасы – 1 интервал, екі актіден, ұзақтығы 105 минөттен кем болмауы керек;
камералық музыка шығармасы – кла¬вир және/немесе партитура түрінде, шекті аспаптар квартетіне, фортепиано¬лық триоға және жеке аспап пен фор¬тепианоға арналған сонаталық шығармалар – әрқайсысының көлемі үш бөлімнен тұруы керек,
қазіргі заманғы әндер – клавир түрін¬де, ұзақтығы 5 минөттен аспауы керек.
балалар әндері – баланың (жасөспірім¬нің) таным-түсінігіне, вокальдық әрі диа¬пазондық мүмкіндіктеріне сәйкес, тез жат¬талатын, көтеріңкі көңіл күйге негіздел¬ген болуы керек. Хронометраж – 3-5 минөт.
Шығармаларда Отан, ел, жер, ұлттық рухани құндылықтар, елдік пен ерліктің шежірелі беттері, тәуелсіз Қазақстан халқының рухани келбеті туралы идеялар көрініс табуы керек;
Байқауға авторлар және авторлық ұжымдар қатыса алады.
Байқауға қатысушының кәсіби біліктілігіне, жас мөлшеріне, жынысына, ұлтына шектеу қойылмайды.
Байқауға қатысушы Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек.
Байқауға өтінім екі жабық конвертте ұсынылады. №1 конверт¬ке – байқауға ұсынылатын жоба немесе шығарма, ал, №2 конвертке – автор туралы мәліметтер салы¬нады. Екі конверт те бірдей алты таңбалы санмен таңбаланған девиз¬бен ұсынылады. Девиз байқауға ұсынылған конверттің оң жақ бұ¬ры¬шына жазылады (биіктігі 1см.).
Байқауға қатысушылардан төмендегі құжаттар талап етіледі:
• аты-жөні, мекен-жайы, байланыс телефондары көрсетілген өтінім;
• ұсынылған шығармалар;
• шығармашылық одақ¬тар¬дың, мемлекеттік театрлардың, белгілі әдебиет және өнер қайраткерлерінің ұсыныс-пікірлері;
• жеке куәлігінің көшірмесі;
• 13 х 18 көлеміндегі екі фотосурет;
• шығармашылық өмірбаяны;
• білімі туралы құжаттың көшірмесі;
• СТК, ӘЖК көшірмелері.
Көрсетілген шарттар сақталма¬ған жобалар байқауға жіберілмейді және комиссияда қаралмайды.
Материалдарды авторлардың өздері табыс етуі тиіс.
Үміткерлер байқау материал¬дарын 2009 жылғы 1 желтоқсанға дейін Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің мекен-жайына жіберуі керек:
010000, Астана қ., Есіл өзенінің сол жа¬ға¬лауы, “Министрліктер үйі”, Қазақ¬стан Республикасы Мә¬дениет және ақпа¬рат министрлігі, 15-кіреберіс, 513-каб., тел: 8 (7172) 74 05 16, 74 05 17, 74 05 18.
Байқау шарттары туралы министр¬ліктің веб-сайтында, www.mkі.gov.kz-тен немесе байланыс құралдары арқылы толығырақ мағлұмат алуға болады.
Авторы: Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.
«Егемен Қазақстан» газеті  29 мамыр 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1468
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1329
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1080
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1125