Сенбі, 4 Мамыр 2024
Білгенге маржан 3736 0 пікір 14 Қазан, 2016 сағат 08:54

НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫ. БОБ ДИЛАН КІМ?

 

Америкалық әнші, композитор, жазушы, киноактер Боб Дилан Әдебиет аталымы бойынша 2016 жылдың Нобель Сыйлығының иегері атанды. 
75 жастағы композитордың осы аттаққа иеленуі көбін таңғалдырды деуге болады. Боб Дилан 1941 жылы АҚШ-тың Миннесота штатында дүниеге келді. Соңғы елу жылдықтың белді рок әншісі Боб Дилан Нобель сыйлығын ұлы америкалық әншілік дәстүрдің аясындағы жаңа поэзиялық бейнені қалыптастырушы ретінде алып отыр. 


 
Оның атақты әндерінің қатарында Master of wars, Like a rolling stone, Blowin` in the wind, Knockin` on Heaven’s door, The times there are a changin` бар. 
Ұлыбританиялық белді мәдениет пен музыка саласындағы «Rolling Stones» журналы Боб Диланды атақты Битлз тобынан кейінгі ұлы музыканттар қатарына жатқызды. Ал «Time» журналы болса, Диланды ХХ ғасырдың 100 ұлы адамы тізіміне енгізген еді. 
Көбіне фолк стилінің орындаушысы ретінде әлемге танылған Боб Диланның біраз әндері азаматтық құқық пен АҚШ-тың соғысқа қарсы ұранына айналып та үлгерді. Оның еншісінде 9 Грэмми, Алтын глобус және «Things Have Changed» фильміне үздік ән аталымы бойынша «Оскар», сондай-ақ ондаған медаль мен басқа да атақтары бар.

Әнші, жазушы, суретші, сондай-ақ, фильм саласында да өз орын тапқан жан-жақты Боб Дилан екі кинотуындысын шығарды – ол өзінің гастрольдік сапаралынан алынған концерттері және бес сағаттық «Реналдо мен Клара» драмасы.  

2015 жылы да Дилан Нобель сыйлығының үміткерлері қатарына ілінген еді.
Ақбота Күзекбай
Әдебиет порталы
0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1130
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1032
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 765
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 882