Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Білгенге маржан 4560 0 пікір 14 Қазан, 2016 сағат 10:51

ҚАЗАҚ БОКСЫНЫҢ ҚАМҚОРШЫСЫ

Еліміздің спорт саласының тарихы тегеурінді ұйымдастырушылардың жарқын есімдеріне кенде емес. Осыған орай, Аманша Ақпаев пен Кәркен Ахметов тәріздес дарынды жетекшілерді атап өтуге тиіспіз. Қазақ физикалық мәдениеті мен спортын дамуына зор үлесін қосқан бұндай қайраткерлердің білікті ізбасарларының бірі – Бекет Сапабекұлы Махмұтов. 1939 жылы туған самбо күресінен спорт шебері, талапты кәсіпкердің кең көлемді іс-әрекеттері отандық дзюдошыларының халықаралық додалардағы жеңістеріне өз септігін тигізді. Бірақ, ең алдымен ардақты ақсақалымыз төл жұдырықтасушыларымыздың Олимпиада ойындары мен әлем біріншіліктерінің алтын тұғырынан көрінуіне атсалысуымен жанкүйер қауымымызға әйгілі. Беделді замандасымызға қатысты кейбір деректерді ортаға салғым келеді. 

Тоқсаныншы жылдардың басында, нарық экономикасына бейімделген іскер қазақтардың саны жоқтың қасы еді. Сондықтан, еліміздің шаруашылығының сүбелі үлестері көбінесе келімсектердің еншісіне тиді. Осындай аумалы-төкпелі кезеңде Бекет Сапабекұлы іскерлігін танытып, құлдырап кеткен спорт саласын қайтадан қалпына келтіруіне көмектесті. Мысалы, 1994 жылы 75 килограмм салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен боксшымыз Аркадий Топаев Әлем кубогінің иегері атанды. Алматы әуежайының алдында Махмұтов мырза гүрзі жұдырығының иесі Аркадийді темір тұлпарға мінгізді. Әрине, өтпелі кезеңнің орта тұсында спортшыларымыз үшін дәл осындай сый-тартулар сирек табысталған еді.

2006 жылы, қос бірдей қазақ пен ұйғыр спорт қауымының мақтанышы, бокс бапкері Тұрсынғали Еділов менің көзімше Бекет Сапабекұлы телефонына қоңырау шалды. Тұрсынғали Нұржақыпұлы өзі де пысық адам, оңай шағылатын жаңғақ емес. Соның өзінде, ол жаны қалмай Махмұтов мырзаға қарай «Шеф! Шеф!» аса ізетті атауын пайдаланды. 2010 жылы, Астанада өткен бокстан ел чемпионатының құрметті қонақтарына арналған мінбесінде атақты жаттықтырушы Дәмір Буданбековпен бірге тартысты сайысты тамашаладым. Сәлден соң, Махмутов мырза да осы мінбесіне отырды. Дәмір аға Бекет Сапабекұлы жайында, күрсініп, маған былай деді: «Біз осындай қамқоршымыздан айрылдық». Себебі, сол уақытта ардақты ақсақалымыз еліміздің бокс саласына белсенді түрде араласпады.

Бөтен жұрттың өкілдері де бокс майталманымыздың қасиеттерін мойындайды. Таулы ебрей, белгілі төреші Борис Семенович (Бено Симонович) 1998 жылы жарық көрген Цхвирашвили «Звезды казахстанского ринга» кітабында Бекет Сапабекұлының жетістіктерін кеңінен әңгіме етеді. Айтпақшы, Бено Симоновичтің тарихи отанына қарай сағынышы өте ыстық. Израильге келгенде ол былай деді: «Шіркін-ай, қазір ғана өмірдің қызығын көрудемін!» 1986 мен 2006 жылдардың аралығында Әуесқой боксының халықаралық қауымдастығының (АИБА) президенті, пәкістандық профессор Анвар Чаудри (1923-2010) де 1998 мен 2007 жылдардың аралығында АИБА-ның бірінші вице-президенті қызметін атқарған Махмұтов мырзаның жан достарының бірі еді. Көптеген жағдайларда Бекет Сапабекұлының дипломатиялық, іскерлі, саяси қабілеттері отандық боксшыларға өз пайдасын тигізді. Әлгі Тұрсын Еділов те шаршы алаңдағы баяғы шайқастарды жылы сезімінен еске алады: «Егер Шефтің көмегі болмаса, аса ауыр салмақтағы жұлдызымыз Мұхтархан Ділдәбековтің көптеген жеңістері орын алмас еді».

Тәжірибелі бапкердің бұндай пікірінің жаны бар. Нағыз олимпиада жеңімпаздарымыз – Виктор Демьяненко мен Василий Левит – миллиондаған телекөрермендердің көзінше алтыннан қағылған еді. Сен жаттығу залында қаншама тер төксең де, білікті жаттықтырушының ақыл-кеңестерін мұқиятты түрде орындасаң да – сенің орасан зор еңбегің зая кетуі әбден мүмкін, егер жаныңда Махмұтов мырза секілді қамқоршысың болмаса. Оның қонақжайлы шаңырағы да бейне-бір мұражай іспеттес. Міне, жұдырықтасу өнерінің аңызы – Мұхаммед Әлимен бірге түсірілген фотосуреті. Әне, аса ауыр салмақтағы ғаламат боксшы Леннокс Льюистің автографы бар портреті. Бекет Сапабекұлының талай достары, әріптестері, шәкірттері баршылық. Оның отбасы, туыстарының да жағдайы жаман емес. Сонымен, ағамызға зор денсаулықты ғана тілейміз.

Данияр НАУРЫЗ

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 544
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 280
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 303
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 309