Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3250 0 пікір 2 Қыркүйек, 2010 сағат 03:59

Молдағұлова мен Момышұлы атындағы мәскеулік мектептердің тұсау кесері Қазақстан президентінің қатысуымен күзде өтеді деп жоспарланып отыр

Мәскеу. 1 қыркүйек. ҚазТАГ -Кеңестер Оодағының Батырлары Бауыржан Момышұлы мен Әлия Молдағұлованың атындағы мәскеулік №229 және №891-ші мектептердің тұсау кесері Қазақстан президентінің қатысуымен күзде өтеді деп жоспарлануда, деп Қазақстанның Ресейдегі елшілігі хабарлайды.

«Бұл мектептердің ресми тұсау кесері Қазақстанның жоғарғы басшылығы мен Мәскеу мэрия өкілдерінің қатысумен ағымдағы жылдың қазан-қарашасына жоспралнған», - дейді елшілік.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1-ші қыркүйекте Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Зауытбек Тұрысбеков соғыстағы қазақстандық батырлардың есімдерімен аталған  мәскеулік осы мектептердегі Білім күніне арналған салтанатты шараларға қатысты.

Рәсімге қатысушылар қатарында сондай-ақ Зеленоград префектісі Анатолий Смирнов, Шығыс әкімшілік округының префекті Николай Евтихиев, соғыс ардагерлері, Мәскеу үкіметінің, қазақ диаспорасының өкілдері, қазақстандық дипломаттар болды.

Хабарда айтылғандай, қазақстандық кәсіпкерлер мәскеулік №229-шы және №891-ші мектептерді заманауи жабдықтармен жабдықтауға көмектесті.

«1-ші қыркүйекке қарсы Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің және Жамбыл мен Ақтөбе облысының кәсіпкерлерінің көмегімен екі мектепті де заманауи оқу-техникалық жабдықтармен - денсаулық сақтау жиһаздарымен, компьютерлермен, интерактивтік тақталармен, заманауи оқу және ғылыми-танымдық әдебиеттермен, қазақ авторларының кітаптарымен, спорттық жабдықтармен жабдықтау жұмыстары жүргізілді», - делінген таратылған ақпарттық баянда.

З. Тұрысбеков оқушылар мен мұғалімдерді Білім күнімен құттықтады, жаңа оқу жылында табыс пен жетстіктер тіледі. Ол Мәскеу мэрі Юрий Лужковты мектепті жетілдіруде көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

Елші атап көрсеткендей, ынтымақтастықтың мұндай түрі екі елдің халықтарының арасындағы шынайы достықтың жарқын көрінісі болып табылады да, ортақ мәдени және тарихи байланыстарымызды сақтауға көмектесіп, ортақ гуманитарлық кеңістікті дамытуға сүбелі үлес қосады.

Рәсімге қатысушылар Момышұлы мен Молдағұлованың кеуде мүсіндеріне гүл шоқтарын қойып, мектеп мұражайларындағы экспозициялармен танысып, оқу класстарын көрді.

Мәскеудің Шығыс округының Вишняка уданындағы Ә. Молдағұлова көшесінде орналасқан, Ә. Молдағұлова атындағы мектеп 1971-ші жылы ашылған. 1942-1945-ші жылдар аралығында осы жерде орталық мергендер мектебі жұмыс істеп, оны 2200 адам бітіріп, оның ішінде Әлия Молдағұлова да бітіріп шыққан. Қазақтың даңқты қызының есімі бұл мектепке 1999-шы жылы берілген. Қазақстандық тараптың көмегімен бірнеше жыл бұрын мұнда алаң айтарлықтай кеңейтіліп, Әлия Молдағұлова атындағы мұражай экспозициялары толықтырылған. Жеңістің 60 жылдығы қарсаңында ауланы қазақтың даңқты қызының кеуде мүсіні мен мемориалдық тақта орнатылып, енді жыл сайын оқу жылы осы жерде басталатын болды.

Зеленоград округының №229-шы мектебіне Бауыржан Момышұлы есімін Мәскеу мэрі биыл 19-шы наурызда берді. Бұл таңдауға мектептің бүгінгі Зеленоградтың орталығындағы Крюково станциясының маңайында орналасқаны, ал бұл жерде соғыс жылдары Москва үшін шайқаста генерал Иван Панфилов басқарған 316-шы дивизиясы өшпес ерлік танытқаны себеп болды.

0 пікір