Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 4157 0 пікір 2 Қараша, 2016 сағат 11:59

ЖЕЛТОҚСАНҒА 25 ЖЫЛ


(Өзен қаласындағы оқиғаға қырық күн болғанда).

Күдікпен өткен қырық күн...

Қаралы халқың тулады, қалың елің шулады.
Жұртың жоқтап жылады,анаң талып құлады.
Қырық күн өтті күдікпен, қырық күн өтті үмітпен,
Шашын жайып қарындас, қалыңдық қалды тірліктен.

Бауырдың күйіп өзегі, өз елінде, мынау Өзені,
Жау жоқ, ашық аспанда, құныңды кімнен көреді?
Жетім қалған бала бар, жесір қалған ана бар.
Қыршын жастың арманын жұтты арсыз, ұры-қар.

Қырық күн өтті тұрақсыз, талай үй қалды шырақсыз.
Сұрауы бар судың да, жауабын кімнен сұрарсыз?
Желтоқсан болды ызғарлы, жүректерге бітпес сыз салды.
Тоқсан құбылған Желтоқсан, халқыма тағы не сыйлады?

Қояр жұрт белгі басыңа, қанымен жазып тасыңа!
«Ақтабандай» шұбыртқан, Желтоқсаннан жұртым жасыма!
Қырық күн тілеу тіледім, сайлауда өтті білемін.
Қырық жыл қырғын болса да, намысыңды жықпа тілегім!

Мұңың болды мұнайың , тегін берген Тәңір-Құдайым.
Өз отына қан құйғанды, жұтсыншы сол мұнайым.
Сабырлық саған тілейін, сабыр қыл халқым, тілегім!
Орнында бар оңалар, бар қазақ Елің тірегің!

Жарқын Утешова.
Мәскеу.25.01.2012ж

Abai.kz

0 пікір