Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3208 0 пікір 3 Қараша, 2016 сағат 10:23

Путин Алеппода жаңа "гуманитарлық үзіліс" енгізуді тапсырды

Ресей президенті Владимир Путин Сирияның Алеппо қаласына 4 қарашада жаңа "гуманитарлық үзіліс" енгізуге тапсырма берді деп хабарлайды Ресейдің қорғаныс министрлігі.

Мекеме қаладағы қарулы күштерге екі дәліз бойынша үкімет әскері мен техниканы шығаруға шақырды. Тағы да алты дәліз бойынша жараланғандар мен бейбіт тұрғындарды қаладан шығаруға мүмкіндік береді.

Ресейдің қарулы күштері бас штабының басшысы Валерий Герасимовтың сөздерінше, үзіліс 9:00-дан 19:00-ге дейін созылады. Шешім Сирия үкіметімен келісілген.

20 қазанда Ресей "гуманитарлық үзіліс" енгізген. Бұл кезде Сирия үкіметі мен Мәскеу әуе шабуылдарын жасамауға уәде еткен. Бірақ осы уақыт аралығында БҰҰ қауіпсіздікке кепіл болмағандықтан бейбіт тұрғындарды көшіре алмады.

Abai.kz

 

0 пікір