Жексенбі, 12 Мамыр 2024
Масқара! 5666 0 пікір 4 Қараша, 2016 сағат 14:37

МЫҢБАЕВТЫҢ МҰНЫСЫ НЕСІ?

Кешелі бері жұрт Жамақұловтың жеп қойғанын сөз етіп жатқанда, тасада қалған тағы бір тақырып Мыңбаевтың мыңғырған «замы» болды.

«ҚазМұнайГаз» компаниясының басшысы Сауат Мыңбаев 30-ға жуық орынбасар ұстайтынын, «kaz.365info.kz» порталы жазады.

Компанияның басқарушылық корпусында 3 атқарушы вице-президент, 11 аға вице-президент, 8 қатардағы вице-президент және 6 басқарушы директор бар екен.

Мыңбаевтың "мың байының" арасында еліміздің экс-Бас прокуроры Рашид Түсіпбековтың ұлы, кезінде білім беру вице-министрі болған Тахир Балықбаевтың баласы, Инвестициялар және даму жөніндегі министр Жеңіс Қасымбектің туған інісі, «Мистер Патамушта» атанып кеткен Серік Әбденов бар екен.

Жалпы Мыңбаевқа  қатысты мың түрлі пікірлер айтылады. Сауаттың сауаты туралы анау-мынау демесек те, Қазақстанның бірнеше министрлігінің тізгінін ұстаған Мыңбаевтың мұнай-газ саласына басшылық жасағанына да 9 жыл толыпты.

Кезінде премьер-министр қызметін атқарған жалғыз мұнайшы  Нұрлан Балғымбаев «ҚазМұнайГаз» компаниясының  өте икемсіз және шығынға мейлінше батқан тиімсіз құрылым екендігін айтқан еді.

Осыдан бірнеше күн бұрын ҚР Президенті әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков қаптаған көп шенеуніктерді жаппай қысқарту туралы ұсыныс айтқан болатын.

«Біздің елдегі негізгі проблемалардың бірі – мемлекеттік қызметкерлердің көптігі. Үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша, ҚР Қаржы министрлігінде 970 орын, Ұлттық экономика министрлігінде 900 орын бар екен. Өңірлер мен ірілі-ұсақты компанияларда да дәл осы жағдай қайталанады», - деген ПӘ жетекшісі керекті-керексіз штаттарды қысқару керектігін ескерткен-тін.

Сонымен, «ҚазМұнайГаз» компаниясының басшысы Сауат Мыңбаев пен оның отыз орынбасары не істеп, не тындырып жүр? Ылғи ығай мен сығайлардан құралған басшылық құрам мұнайлы Қазақстанның қарқындап дамуына, халықтың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына, әлемдік нарықтағы Қазақстан мұнай брендінің қалыптасуына не үлес қосты?

Консалтингтік қызметтен көз ашпай келе жатқан Қазақстанның мұнайын Мыңбаевтар жамбастап жатқанда экономикадан не өзгеріс күтуіміз керек? Ордасына отыз орынбасар ұстаған Мыңбаевтың мұнысы несі?

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1946
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2189
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1809
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1539