Жексенбі, 12 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4268 0 пікір 5 Қараша, 2016 сағат 00:00

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізі пайдалануға беріледі

2016 жылдың соңына дейін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік дәлізінде тұтастай жол ашылады (төрт жолақ бойын­ша 2787 км). Бұдан өзге, Шымкент – Таш­кент учаскесінде (100 км, 4 жо­лақ), Алматы – Қапшағай (104 км,
6 жолақты қозғалыс) және Қап­­ша­ғай – Талдықорған (141 км), Ас­тана – Теміртау (171 км), Ақ­тау – Бей­неу (470 км, 4 жолақ­ты қоз­­ға­лыс) автожолдарында жол ашы­лады
, - деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты. 

Қозғалыс 6, 4 және 2 жолақ бойынша жүзеге асырылатын Астана – Көкшетау – Петропавл (489 км) дәлізі толық ашылды.

Еске салсақ, Үкімет Үйінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Маминнің төрағалығымен республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының желісін, сондай-ақ, жол бойындағы сервис нысандарын дамыту мәселелері бойынша селекторлық кеңес өткен болатын.

Кеңес барысында Ин­вести­циялар және даму ми­нистрі Жеңіс Қасымбектің, Инвести­циялар және даму вице-ми­нистрі Берік Қамалиевтың, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ермек Қизатовтың, облыс басшыларының есептері тыңдалды. Есептерге сәйкес, автомобиль жолдарын жөндеу бойынша барлық жоспарлар ағымдағы жылы орындалды. 2016 жылдың қорытындысы бо­йынша респуб­ликалық маңызы бар 924 км автожолды жөндеу аяқталды.

2016 жылдың соңына дейін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дә­лі­зінде тұтастай, «Орталық – Оңтүстік» дәлізінің Ас­тана – Теміртау және Алма­ты – Қапшағай учаскелерінде қозға­лыс ашылады. Батыста Ақтау – Бейнеу автожолында қозғалыс ашылады. Қазіргі уақытта Көк­шетау – Петропавл автожолы ашылды. Қостанайдағы Тобыл өзені және Павлодар облысында Ертіс өзені арқылы өтетін көпірлер пайдалануға берілді.

Ағымдағы жылы респуб­ликалық маңызы бар 1 200 км автожолда күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу жүргізілді.

2017 жылы республикалық маңызы бар 2 мың км-ге жуық автожолды жөндеу жұмыстарымен қамту және 555 км жолды пай­да­лануға беру жоспарланған, оның ішінде «Орталық – Шығыс» дә­лізі бойынша – 208 км, Қапшағай – Талдықорған – 24 км, Бейнеу – Ақтау – 230 км, Қордай ауы­лын­дағы айналма жол – 40 км, Орал – Каменка – 27 км және Ақтөбе – Атырау – 26 км.

«Біз сондай-ақ, «Астананың Оңтүстік – Батыс айналма жолы­ның», Жетібай – Жаңаөзен, Бей­неу – Ақжігіт, Қостанай – Дени­совка, Талдықорған – Өскемен, Күрті – Бурылбайтал және т.б. жаңа учаскелерін қайта құру жұмыстарын бастауды жоспарлаудамыз», деді вице-министр.

Кеңес барысында автожол­дар­дың жергілікті желісін дамыту мәселелері қаралды. Қазақ­стан­дағы жергілікті маңыздағы автожол желісінің жалпы ұзын­дығы 72,8 мың км-ні құрайды.

Бүгінгі таңда жергілікті желіде жол-жөндеу жұмыс­тары­мен 2 мың км-ден астам автожол қамтылған, соның ішінде 130 км құрылыс пен қайта құру, 1 884 км күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қос­танай және Павлодар облыстарында жергілікті бюджеттен жет­кіліксіз қаржыландырудың бай­қалатыны айтылды.

А.Мамин жергілікті автокө­лік жолдарын тиісті сапамен қамту осы саланың басым міндеттерінің бірі саналатынын ескерді. Осыған орай, облыс әкімдеріне 2017 жылға жергілікті маңыздағы автокөлік жолдарын да­мытуға, жөндеуге және оны қам­туға жергілікті бюджеттен қар­жы көлемін ұлғайту тапсырылды.

Жол бойындағы сервис ны­­сан­дарын дамыту мәселесі бойын­ша соңғы жылдары рес­пуб­ли­калық маңызы бар жолдарда жыл сайын 6%-дық деңгейде жүк тасымалының тұрақты үдерісінің артқаны байқалады.

Жолдағы автотасымалдарды әрі қарай заманауи, сапалы қыз­меттермен қамтамасыз ету мақ­сатында 2015 жылы жол бойы сервисі нысандарына арналған ұлттық стандарт бекітілген болатын.

Бүгінде республикада шамамен 2,5 мың жекелеген сервис ны­сандары қызмет көрсетеді, оның көбі АЖҚС және сауда мен тамақтану орындары, оның  80%-ы бекітілген стандарттардың талаптарына сәйкес келмейді.

«Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес, 2020 жылға дейін негізгі автожолдарда стандартқа сай келе­тін сервистің бірінші кезек­тегі 260 нысаны орналастырылатын болады.

Олардың жергілікті атқарушы органдармен келісілген түрде бірқалыпты орналасуы үшін аталған нысандарды А, В, С және Д санатымен орналастырудың сызбасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен әзір­леніп, бекітілді.

Шаралардың өңірлік жоспар­ларының негізінде биылғы жылдың желтоқсанында «Қаз­АвтоЖол» 20 мыңнан астам адам жұмыс істейтін, жол сервисінің бірінші кезекті нысандарының дамуы мен қолданыстағы нысандарды жетілдіруден тұратын 2020 жылға дейінгі жол бойы сервисін дамыту бағдарламасының жобасын уәкілетті органның қарауына жіберуді жоспарлайды.

Селекторлық жиынның қо­ры­тын­дысын шығара отырып, Премьер-Министрдің бі­рін­ші орынбасары «2016 жылы Қазақстанның автожол инфра­құры­лымын жетілдіру жөнінде едәуір жұмыстың атқарыл­ғанын» айтты. Сонымен бірге, ол бірқатар тапсырма берді:

– Инвестициялар және даму министрлігіне жергілікті атқарушы органдармен және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-пен 2017 жылы құрылыс жұмыстарын уақтылы бастау;

– 2017 жылдың 1 сәуіріне дейін 2020 жылға дейін халықаралық және республикалық маңыздағы автокөлік жолдарының Жол сервисін дамыту бағдарламасын және оны іске асыру бойынша шаралар жоспарын бекіту.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1941
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2146
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1778
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1533