Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3254 0 пікір 28 Тамыз, 2010 сағат 18:51

«Қазтрансгаз-Алматы» Алматыда Шаңырақ ықшамауданын газдандыру жұмысын аяқтады

Алматы. 28 тамыз. ҚазТАГ -  «ҚазТрансГаз-Алматы» Алматыдағы Шаңырак-2 мен Шаңырак-4ықшамаудан арасындағы орта қысымдағы газ құбырын тұйықтандырыудың арқасында осы ықшамаудандар толығымен газбен қамтамасыз етілді. Бұл туралы сенбі күні компания басқармасының төрағасы Ақылбай Сапаров Шаңырақ - 1-де газ құбырын салтанатты іске қосуда мәлім етті.

Ықшамаудандарды газдандыру Алматы әкімшілігі мен «ҚазТрансГаз-Алматы»АҚ арасындағы 2010-шы жылдың наурызында қол қойылған меморандум арқасында жүргізіліп жатыр, деді А. Сапаров. Оның мақсаты халықтың әл-ауқаты мен Алматы экологиясын жақсарту.

Компания басшылығы компания шешімімен «Шаңырақ» ықшамауданын газдандыру тегін жүргізілді дейді. Бұл жұмыстар аналық «ҚазТрансГаз» компаниясының қаражатына жүргізілді.

Қазіргі уақытта Шаңырақ 1-4 ықшамауданында 30 мыңнан астам халық тұрады. Газ тарату желісіне 6 мыңдай үй шаруашылықтары қосылды.

«ҚазТрансГаз-Алматы»АҚ 2008-ші жылдан бері қаланың газ тарату жүйесін жетілдіруге бағытталған 2008-2012-ші жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаны іске асырып келеді. Компания таратқан хабарға сай, осы жұмыстардың арқасында газ құбырларының өткізгіштігі 270 мың текше метрге ұлғайып, 130%өсім берген. Қала тұтынушыларына жеткізілетін табиғи газ көлемі де артты. 2009-шы жылы ол 862 млн текше метрге жетті. Жыл сайын қалада шамамен 2,5 мың жеке сектор үйлері газдандырылады.

Комапния балансында 3 мың км-ден астам газ құбыры бар. Алматыда жеке сектордағы 80 мыңдай үй мен ұжымдық секторда 250 мың пәтер газданған, қалада халықты газбен қамтамасыз ету деңгейі 87%-дан асады.

0 пікір