Жексенбі, 12 Мамыр 2024
Ақиқатқа қиянат 3739 0 пікір 6 Қараша, 2016 сағат 15:43

БОҚАЕВ ПЕН АЯНОВ ТАРАТҚАН МӘЛІМЕТ БИЛІККЕ ДЕГЕН ТЕРІС КӨЗҚАРАСТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРҒАН

№2 Атырау қалалық сотында Макс Боқаев пен Талғат Аяновтың ісі бойынша басты сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгінгі отырыста сарапшылардан жауап алынды.

Бүгін Алматы қаласы бойынша Сот сараптамасы институтының бас сарапшысы Бибігүл Жұмашева куәлік етті. Сарапшы М.Боқаев пен Т.Аянов таратқан мәліметке психологиялық-филологиялық сараптама жасаған. Жұмашева жасаған сараптама қорытындысына сәйкес, зерттелген материалдар мен мәтіндердің теріс ықпалы бар. Бұл мәліметтерде авторлар жер мәселесі бойынша халықты ақпараттандырып қана қоймай, өз пікірін білдіру үшін бейбіт шеруге қатысуға шақырған. Түрлі ұрандар тастаған. Аталған материалдар билік, дәлірек айтсақ оның жер реформасына қатысты жұмысына теріс, сыни көзқарас пен қарым-қатынасты қалыптастырған. Б.Жұмашева отырыста сараптама қорытындысын растап, өз жұмысына қатысты сұрақтарға жауап беріп, мысалдарды да келтірді.

Қорғаушы тарап әдеттегідей бір сұрақты мың құбылтып, бірнеше қайтара қоюмен болды. Сондай-ақ, сараптамаға қатысы жоқ сауалдарды қоюды жалғастырды. Олардың кейбір сұрақтарын судья Г.Дәулешова қабылдамай тастағаннан кейін, М.Боқаевтың қорғаушысы Ж.Боқаева «мен тіпті өзімді басқалардан кем санай бастадым» деді. Өз кезегінде прокурорлар қорғаушы тараптан нақты, жүйелі сұрақ қоюды өтінді.

Ал сотталушы Макс Боқаев отырыс барысында тағы да судьяның рұқсатынсыз ұзын-сонар пікірін білдірумен болды. Судья Г.Дәулешова кешеден бері сотталушыны бірнеше рет ескерткенін айтып, сот отырысы тәртібін бұзғаны үшін М.Боқаевты сот залынан шығару туралы шешім қабылдады.

Еске сала кетсек, 2016 жылдың сәуір айында Т.Аянов пен М.Боқаев жер заңнамасына қоғамның қызығушылығы артқан сәтін пайдаланып, «жер мәселесі» бойынша қарсылық акцияларын ұйымдастырған. Сотталушылар Аянов пен Боқаев тұрғындарды жер тақырыбына еліктіріп, халықтың патриоттық сезімін өз жеке басының мүддесіне пайдаланып, «Facebook» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшаларында «ел басшылығы ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдік азаматтар мен компаниялардың жекеменшігіне айналдыруды жоспарлауда» деген сипаттағы жалған ақпарат таратқан. Сондай-ақ, М.Боқаев пен Т.Аянов жер мәселесіне қатысты арнайы құрылған жер комиссиясының отырысына қатысудан бас тартып, Жер кодексіне енгізілген түзетулерді алып тастауға қарсылық білдіру үшін жұртты 21 мамырда қарсылық акциясына шығуға шақырған. Боқаев пен Аяновқа ҚР Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша айыптар тағылуда.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1942
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2155
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1781
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1533