Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 5938 1 пікір 7 Қараша, 2016 сағат 11:32

БАЙЛЫҚҚА НЕГЕ ҚҰМАР ЕМЕСПІЗ?

Біздің қазіргі жастарда мынандай бір породокс бар. Көбі қаржыдан қысылып жүреді. "Бизнес Бастауға" келіп, табыс табудың көзін көріп, табыс таба бастайды. Бірақ "азарт" жоқ. Біраз ақша тапқан соң ары қарай ұмтылмайды, желі шығып қалады. Табыс көзін көріп тұрса да, тоқтап қалады. 

Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлттардың қанында осы бар: Байлыққа, барлыққа құмарлық. Біз оларды "Ақшадан өлген, ақшақұмар, есіл-дерті - байлық" деп сынаймыз. 

1930 жылдары бір ақын мынандай өлең жазыпты 

"Сенде жоқ қулық, сұмдық тәсіл айла

Жаралғаннан іздемедің байлық, пайда

Мырзалық, қонақжайлық сорың болып

Сүйегің қалар ма екен құм мен сайда" 

1932 жыл сол тура келді. Біздің Үржарда бір орыс өлмепті. Балық аулаған, жеміс жидектерімен өмірлерін сақтап қалған..

Ашкөзденіп ақшадан басқаны ойламау - ол да БАҚЫТСЫЗДЫҚҚА апарады. Ақшаны жүрекке түсіріп алмай, "ол маған ТӘУЕЛСІЗДІК әпереді, ҚАРЖЫЛАЙ ТӘУЕЛСІЗДІК аламын" деп істеу керек. Мол табыс тапқан адам жақын-туғандарына да көмектесе алады. "Табысымды еселеп көбейтсем, содан кейін жақсылық жасам" деген Арман, "Азарт" болу керек жастардың бойында.

"100 000-ды 1000 000 қылсам, оны 10 000 000 қылсам, туған ауылыма көмектесер едім, жарлы-жақыбайларға көметесер едім" деп армандап табыс қуалау керек, Сонда сүрген өмірдің МӘНІ де болады.

"Ей бауырым 

Өз дәрежең болмаса, 

Бұл жалғанда несіне өмір сүргенсің" деген екен Мұқағали. 

Ахметбек Нұрсила

 Abai.kz

1 пікір