Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Кәсіп-түбі нәсіп 4810 0 пікір 8 Қараша, 2016 сағат 15:31

ҚАЗАҚСТАНДА ІТ-ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ ЖОҒАРЫ

«Самұрық-Қазына» қоры мен Қазақстандық ІТ-компаниялар қауымдастығы арасында өткен кездесуде өзара ынтымақтастық мәселелері қаралып, Қордың трансформация жөніндегі бағдарламаларын жүзеге асыру аясында отандық бағдарламашыларды тарту және жергілікті ІТ-компаниялардың қызмет көрсету мәселелері талқыланды.

«Самұрық-Қазына» қорының бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры Адамас Илькявичюстің айтуынша, қазір олар ІТ-мамандарды тартып жатыр. Себебі, Қазақстанда ІТ-технологиялар саласының әлеуеті жоғары.

Талқылау қорытындысы бойынша жұмыс тобын құру туралы келісім жасалды. Алдағы уақытта жұмыс тобының кездесулері аясында ІТ-саласындағы бірлескен шараларды қолға алынбақ. Осылайша, Қор мен Қазақстанның ІТ-компаниялар қауымдастығы арасындағы бірлескен жұмыс арқылы  жергілікті ІТ-мамандар өз қызметтерін көрсете алатын аймақтар анықталатын болады.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Мұрат Әбеновтің пікірінше, бұл пікір алмасуға ІТ-саласындағы барлық мамандар, компаниялар мен кәсіпкерлер қатысуы керек.

Сонымен бірге, Алматыдағы «Алатау» инновациялық технологиялар паркі» секілді арнайы экономикалық аймақ алаңдарында өзге де қазақстандық ІТ-компаниялардың мүмкіндіктерімен танысу туралы ұсыныс айтылды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазановтың айтуынша, бұл отандық кәсіпкерлерге барынша көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Еске салсақ, биыл мамыр айында «Атамекен» ҚР ҰКП мен «Самұрық-Қазына» қорының еншілес сегіз компаниясы отандық өндірушілерді қолдау және олардың мүдделерін қорғау үшін ынтымақтастық туралы келісім жасады.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1363
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1196
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 943
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1045