Жексенбі, 5 Мамыр 2024
46 - сөз 4162 0 пікір 14 Қараша, 2016 сағат 07:51

ТАЛФИҚКЕ 40 ДҮРЕ!

Кейбір аға-бауырларымызды түсінбеймін. Егер, біз өзімізді Ханафи мәзһабынанбіз деп мойындасақ, онда сол мәзһаб ғұламаларының пәтуасына еруге тиістіміз (тақлид). Себебі, әрбір адам Құран мен сүннеттен истинбад (үкім) шығаратын мужтаһид емес.

Ижтиһад (діни үкім) жасауды Алла ерекше зейінді адамдардың ғана пешенесіне жазған. Егер, әрбір адам әрбір мәселеге жеке өзі діни үкім шығаруға тиісті болса, онда Хакім Абай айтпақшы дүниенің ісі адыра қалып "егінді кім салады, малды кім бағады" деген мәселе ортаға шығады. Яғни, онда жұрттың бәрі ғылыммен айналысуы керек болады. Ол мүмкін емес нәрсе. Сол үшін де мәзһабта қалың бұқара мужтаһидтердің пәутасына ереді (муқалид).

Егер, бір адам мәзһабқа мойынсұнып, артынан сол мәзһабқа сай емес пәтуаға ерсе немесе пікір айтса, онда ол шариғат бойынша талфиқ (араластыру) жасаған болып есептеледі. Ал, Ханафи мәзһабында талфиқ жасағанға 20 мен 40-тың арасында дүре соғылып, жазаланады. Не үшін?

Өйткені, егер бір кеңістіктің тұрғындары туындаған мәселелерге қатысты бір-бірімен қабыспайтын әртүрлі пәтуалар мен үкімдерді басшылыққа алатын болса, онда ол кеңістіктің қоғамдық бірізділігі бұзылады. Бұл дегеніміз фитнә! Сондықтан, кейбір бейпіл ауыз аға-бауырларымызға айтарым: бірдеңе айтарда (мысалы, мұсылман немесе мұсылман еместі анықтау мәселесінде) мәзһаб ғұламаларының пәтуаларына жүгінсеңіздер екен. Алла Алашты бірлігінен айырмасын!

Мұқан Исахан

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1377
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1206
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 953
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1048