Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Деп жатыр 3189 0 пікір 14 Қараша, 2016 сағат 18:11

ХИЛЛАРИ КЛИНТОН КҮЙЕУІНЕН АЖЫРАСПАҚ

АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон өзінің күйеуі, АҚШ-тың 42-президенті болған Билл (Уильям Джефферсон) Клинтонмен ажырасуға арыз берді.

АҚШ президенттігінен үміткер болған Хиллари Клинтонның  ажырасуға өтініш бергенін растайтын құжатты америкалық Christian Times Newspape газеті жариялады. Хилларидің қорғаушылары қажетті құжаттарды Нью-Йорктің Жоғарғы сотына 10 қарашада жолдаған.

Хиллари мен Билл 1975 жылы отау құрған. Басылымның мәліметінше, екеуінің арасы суып, алауыздықтар көбейген.

Айта кетейік, 8 қараша күні демократияшылдар атынан сайлауға түскен Хиллари Клинтон республикашылдар партиясының толық мүшесі емес, миллиардер Доналд Трамптан жеңілген болатын. Сайлау қорытындысы бойынша, Доналд 289 дауыс жинаса, Хиллари 228 дауысқа ие болған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2020
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2437
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2020
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1587