Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
Қоғам 6042 0 пікір 1 Тамыз, 2016 сағат 11:36

ШЕТІН ОҚИҒА КЕЗІНДЕ ЖАРАЛАНҒАН ТАҒЫ ЕКІ ПОЛИЦЕЙ ҚАЙТЫС БОЛДЫ

Алматыдағы жедел көмек көрсету ауруханасының реанимация бөлімінде жатқан тағы екі полиция қызметкері қайтыс болды. Полицейлер Алматыдағы атыс кезінде ауыр жарақат алған болатын. Дәргерлер барын салғанымен, жарақат тым ауыр болған, - деп хабарлайды Zakon.kz  порталы.

Қайтыс болған азаматтың бірі – 1973 жылы туған  полицияның аға сержанты Әбілдаев Серік Еркенұлы. Жергілікті жол патрульдік полициясы қызметкері болған. 1994 жылдан бері ҚР Ішкі істер министрлігінде қызметте болған. «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медальінің 1, 2, 3 дәрежелерімен, «Қазақстан полициясына 20 жыл» медальімен  марапатталған. Үйленген, марқұмның артында әйелі мен үш қызы қалды.

Ауруханада қайтыс болған екінші полицей 1992 жылы туған полиция лейтенанты Рахматуллаев Мейрамбек Нұриддинұлы. Алмалы аудандық ІІБ-ның учаскелік инспекторы болып қызмет атқарған. 2012 жылдан бері ҚР ІІМ құрылымында қызметте болған. Отбасылық жағдайы – үйленген.

ҚР Ардагерлер кеңесі мен Алматы қалалық ІІД-і марқұмдардың отбасына көңіл айтады.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың 18-маусымында болған атыс кезінде ауыр жарақат алған полицейлер Алматыдағы жедел көмек көрсету ауруханасына жеткізілген-тін.

Қазір құқық қорғау органдары  шетін оқиға кезінде тұтқындалған  Руслан Күлікбаевтың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің алты бабы бойынша тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Олар:

- 99 бап, 2-тармақ бойынша, (екі немесе одан да көп адамды өлтіру);

- 269 бап, 2-тармақ бойынша, (қару қолдану арқылы мемлекеттік орган ғимаратына шабуыл жасау);

- 380 бап, 2-тармақ бойынша,  (билік өкіліне шабуыл жасау, күш қолдану);

- 255 бап, 4-тармақ бойынша, (терроризм актісі);

- 291 бап, 1-тармақ бойынша, (қару-жарақты ұрлау);

- 200 бап, 4-тармақ бойынша, (автокөлікті рұқсатсыз басқару, күш қолдану).

 Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1821
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1835
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1543
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1429