Жұма, 12 Тамыз 2022
Білгенге маржан 4400 0 пікір 1 Тамыз, 2016 сағат 11:52

АҚТӨБЕДЕН САРМАТ КЕЗЕҢІНІҢ САРБАЗДАРЫ ТАБЫЛДЫ

Биылғы далалық маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институты еліміз бойынша әр тарихи кезеңдерді қамтитын оннан астам нысанда археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Кезекті зерттеулердің бірі –Ақтөбе облысының Қобда ауданында орналасқан ж.с.д. VI–V ғғ. жататынТөртоба жерлеу-ғұрыптық кешенінде жалғасты.

Бұл кешендегі биылғы атқарылған жұмыстар мен алынған мағлұматтар туралы экспедиция жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Ақан Оңғарұлы қысқаша баяндайды.

  • Савроматтық жергілікті билік әулеті өкілінің құрметіне салынған Төртоба жерлеу-ғұрыптық кешеніндегі зерттеу жұмыстары 2011 жылдан басталған-ды. Бес жылдық кешенді зерттеулер барысында ескерткіштің айналасынан әр тарихи кезеңнің 7 жерлеу орны мен 2 ғұрыптық рәсімдератқарған нысандар зерттелінді. Ірі архитектуралық ескерткіш саналатын диаметрі 50 м, биіктігі 4,7 м топырақ үйінділі обада құрылыстың салыну кезеңдерін анықтауға байланысты қазба жұмыстарын жүргізу барысында биыл екі жауынгердің тоналмаған жерлеу орны ашылды.

Бұл жерлеулер негізгі ескерткіш тұрғызылғаннан бірнеше жүз жылдан кейін жасалынған. «Ер қуаты – қаруы» дегендей, екі жауынгер ату қаруы – оққа толы қорамсақты садақпен (садақтың тек ізі сақталынған), түйреу қаруы – темір ұшты найзасымен және кесу қаруы – қылыш, қанжарымен бірге жерленген. Оба үйіндісінің ортасындағы негізгі қабір шұңқырының шетіне қойылған үшінші жауынгердің қорамсағынан 184 қола жебелер табылды...

(Беліне қанжарын тағынып, садағын асынған қатардағы жауынгер жерлеуі)

(Күміс ілгекті және қола жебелі қорамсақ)

(Тамағы, ыдысы, қаруларымен бірге киіз төсенішке қойылған жауынгердің жерлеу орны)

Дереккөзі: baq.kz порталы.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алашорда

Алаш-арман

Бейбіт Қойшыбаев  2078
Білгенге маржан

Хилда Хукхэм және Ұлы қолбасшылар

Бейсенғазы Ұлықбек 2023
Әдебиет

Түс

Ерғали Бақаш 1709
Әне, көрдің бе?

Архимед кімді қорғаштайды?

Жайберген Болатов 2743