Жұма, 10 Мамыр 2024
Деп жатыр 3063 0 пікір 1 Тамыз, 2016 сағат 17:19

ОҚО әкімі Б.Атамқұлов Риода өнер көрсететін спортшыларымыздың дайындығын пысықтады

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Риода өнер көрсететін спортшыларымыздың дайындығын пысықтады. Бұл туралы «Abai.kz» порталы ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Бүгін өңір басшысы Б.Атамқұлов облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Ә.Нұртаевты қабылдады. Кездесуде тараптар 5 тамыз күні Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында жалауы көтерілетін жазғы Олимпиада ойындарында Оңтүстіктің ғана емес, бүкіл еліміздің намысын қорғайтын спортшыларымыз туралы сөз етті. 

Күнгей спортшыларының дайындығы туралы баяндап, бірқатар сайыпқырандарымыздың кейбір спорт түрлері бойынша Латын Америкасында дайындығын пысықтап жатқанын айтқан басқарма басшысы өзі бастаған делегацияның ертең, 2 тамыз күні, кешкісін жолға шығатынын жеткізді. 

Өз кезегінде, облыс әкімі байрақты бәсекеде спортшыларымыздың жұлдызы жанатынына сенім білдіріп, жерлестерімізге сәттілік тіледі. 

Айта кеткен жөн, Риода өтетін жазғы олимпиада ойындарында Оңтүстік Қазақстан облысының айтынан 21 спортшы сынға түсетін болады. Олимпиадалық аренаға алғашқы болып дзюдошыларымыз шығады деп күтілуде.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1857
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1889
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1591
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1459