Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3607 0 пікір 2 Тамыз, 2016 сағат 10:50

Душанбеде екі әйелдің бөлшектенген мәйіті табылды

Душанбинка өзенінің бойында тұратын астана тұрғындары бірнеше күн бойында әйелдердің бөлшектенген денелерін тапқан. Бұл ақпаратты Тәжікстанның ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі растады.

Екі жас келіншекті өлтірді деген күдікпен үш ер адам ұсталды деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

Тергеу ісінің мәліметінше, бірінші адам өлімі 21 шілдеде орын алған. Сол күні аталған жас жігіттер цирк ауданының маңында 25 жастағы қызбен танысады. Олар оны Н.Карабаев көшесінде тұратын пәтерге ертіп келген. Ойларындағысын жүзеге асырғаннан кейін, өлтіріп, денесін бөлшектеп, өзенге ағызып жіберген», - деп хабарлайды құқық қорғау органының баспасөз қызметі.

23 жастағы қызбен де танысып, дәл осылай қылмыс жасаған.

ІІМ дереккөзі бойынша, қыздар «түнгі көбелектер» болған. Қазіргі кезде күдіктілер қамауда отыр. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1828
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1849
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1554
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1435