Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3211 0 пікір 2 Тамыз, 2016 сағат 10:58

Астанада азық-түлік бағасы 16 пайызға өскен

Қазақстанда азық-түлік бағасы шілде айында былтырғы жылмен салыстырғанда 15,9 пайызға өскен деп хабарлайды ұлттық экономика министрлігінің статистика жөніндегі комитеті.

Ресми мәлімет бойынша, қант бағасы 65,4 пайызға көтерілген, жарма – 40,4 пайызға, нан - 27,1 пайызға, көкөніс пен жеміс – 16,7 пайызға, ұн – 12,4 пайызға өскен.

Комитет сонымен бірге коммуналдық қызметтерге де тариф бағасының өскенін атап өтеді. Соңғы жеті айда кәріз 25,3 пайызға, суық су – 12,4 пайызға, қоқыс шығару – 11,8 пайызға, жылыту жүйесі – 7,3 пайызға өскен.

Дүниежүзілік банктің өткен айда жариялаған «Қазақстан. Қалпына келудегі ұзақ жол» деп аталатын баяндамасында эксперттер тауар және қызмет көрсету бағасының бірден өскеніне алаңдаушылық білдірген. Дүниежүзілік банктің сарапшылары Қазақстан тұрғындарының 14 пайызы кедейшілікте өмір сүреді дейді (Күніне бес АҚШ долларына өмір сүреді).

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1793
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1785
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1501
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1400