Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3304 0 пікір 2 Тамыз, 2016 сағат 16:58

ОҢТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛМАТЫДА БОЛҒАН ОҚИҒАНЫҢ САЛДАРЫНАН ЕРЛІКПЕН ҚАЗА ТАПҚАН ПОЛИЦИЯ ЛЕЙТЕНАНТЫН АҚТЫҚ САПАРҒА ШЫҒАРЫП САЛДЫ

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында қаралы жиын өтті. Ауданның Қарабастау ауылының тұрғындары мен ішкі істер саласының қызметкерлері Алматыда орын алған оқыс жағдай кезінде ауыр жараланып, жан сақтау бөлімінде кешегі күні көз жұмған полиция лейтенанты Мейрамбек Рахматуллаевты ақтық сапарға шығарып салды. Жерлеу рәсіміне ОҚО әкімдігі мен Алматы қалалық әкімдігінің өкілдері, сондай-ақ, ішкі істер саласының жетекшілері де қатысты. 

Қаралы басқосуға келген облыс әкімінің орынбасары Ж.Бөкенбаев ерлікпен қаза тапқан марқұмның бұл қайғысы оның туыстарының ғана емес, барша қазақстандықтардың көңіліне қаяу салғанын баян етті. 

Айта кетейік, М.Рахматуллаевтың туыстарына Алматы қалалық әкімдігінен 15 млн. теңге, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінен қосымша 5 млн. теңге берілетін болады. Сонымен бірге, ішкі істер саласының қызметкерлері бір күндік жалақыларын Алматыда болған қанды оқиға кезінде қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына аударуды ұйғарып отыр.

Еске салайық, шілде айының 18-інде Алматы қаласында террорлық акт орын алды. Ай мен күннің аманында суық қаруланған бұзақы азамат 8 адамды жаралып, 8 адамның өмірін қиған болатын. Соның бірі, жерлесіміз, полиция лейтенанты Мейрамбек Нұридиллаұлы Рахматуллаев еді. Ол кеше басынан алған ауыр жарақаты салдарынан ауруханада көз жұмды. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1812
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1819
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1530
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1416