Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3451 0 пікір 3 Тамыз, 2016 сағат 12:21

Тәжікстанның алтын-валюта сақтық қоры 72 күнге жетеді

Тәжікстан сауда және экономикалық даму министрінің орынбасары Умед Давлатзод елдің алтын-валюта сақтық қоры туралы мәліметтің құпия сақталуы - халық арасында дүрбелең туғызбас үшін жасалған мәжбүрлі шара деп түсіндірді.

Душанбеде баспасөз мәслихатын өткізген Давлатзодтың айтуынша, елдің сақтық қоры туралы мәліметті естіген жұрт банктердегі салымдарын шығара бастап, соның салдарынан елдегі жағдай одан сайын ушығып кетуі мүмкін еді. «Елдің алтын-валюта сақтық қорын құпияда ұстау – мемлекеттік саясат. Үрей туғызған бір ғана дүрбелең халықтың Тәжікстан банк жүйесіне сенімсіздігін одан сайын күшейтіп жіберер еді», - деді ол.

Бұған дейін Дүниежүзілік Банк сарапшылары Тәжікстанның алтын-валюта сақтық қоры бар болғаны 72 күнге жетеді деп бағалаған еді. Умед Давлатзод сарапшылар пікірін қостады, тек қор көлемі халықаралық өлшеммен алғанда 90 күнге жетуі мүмкін екендігін айтты. Министрлік өкілінің мәлімдеуінше, қаржы дағдарысы басталған шақта алтын-валюта қорының бір бөлігі ұлттық валюта бағамын сақтауға жұмсалып кеткен.

Тәжік үкіметі, ұлттық валюта бағамының тұрақты деңгейде сақталуын ескере отырып, елдің алтын-валюта сақтық қорының көлемін ұлғайту мақсатында жұмыстар атқарып жатыр, деді шенеунік.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1788
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1777
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1494
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1395