Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3164 0 пікір 3 Тамыз, 2016 сағат 12:26

АҚШ ядролық қаруын жетілдіреді

2020 жылы Құрама Штаттар B61-12 жетілдірілген атом бомбасының алғашқы үлгісін шығарады. Америка дауысы Орыс қызметінің хабарлауынша, 12-ші үлгідегі жетілдірілген бомбаны кем дегенде тағы 20 жылға сақтауға болады.

АҚШ Ұлттық ядролық қауіпсіздік басқармасы B61-12 ядролық оқтұмсығының жарамдық мерзімін ұзарту жөніндегі бағдарламасының инженерлік фазасын бастауға рұқсат берді. Осылайша төрт жылға созылған дайындық жұмыстарының өндіріс қарсаңындағы қорытынды кезеңі басталды. Алғашқы өнім 2020 жылы өндіріледі деп жоспарланған.

Ол бойынша, оқтұмсықтың ядролық және ядросыз бөлшектері қайта өңделеді, сөйтіп оның қауіпсіздігі күшейтіледі және қолдану мерзімі ұзартылады. Басқарма жетекшісі Франк Клоцтың айтуынша, қазір қолданыста жүрген В61 үлгісінде америкалық арсеналдағы ең көне бөлшектері қолданылады.

"Қарудың қолдану мерзімін ұлғайту жөніндегі осы тәріздес бағарламалар президент Обаманың арсеналдарды қысқарта отырып, ядролық қаруды тежеуде қауіпсіз әрі сенімді іс-шараларын қолдау жөніндегі тапсырмаларына сай келеді", - деп мәлімдеді АҚШ энергетика министрі Эрнест Мониз.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1785
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1769
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1489
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1390