Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3626 0 пікір 25 Тамыз, 2010 сағат 11:04

Астанада ЕҚЫҰ саммитіне дайындық мәселелері талқыланды

Астана. 25 тамыз. ҚазТАГ - Айгүл Түлекбаева. Қазақстан үшін ең ірі халықаралық шара - ЕҚЫҰ саммитіне дайындық мәселесі ЕҚЫҰ-ға төрағалық мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының тақырыбына айналды.

1-2 желтоқсанда Астанада өтетін саммитке 56 мүше-мемлекеттің және ЕҚЫҰ-ға әріптес 12 елдің басшылары, халықаралық ұйымдардың жетекшілері қатысады деп жоспарланып отыр.

«11 жылдық үзілістен кейін қазіргі ғаламдық қауіптер мен үнқатулар жағдайында ЕҚЫҰ саммитін өткізудің тарихи маңыздылығы мен өзектілігін бағалау қиын. Біз үшін бұл үлкен құрмет және оны жоғары мазмұнды және ұйымдастырушылық деңгейде өткізу  үлкен жауапкершілік болып табылады», - деді ҚР мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев сәрсенбі күні отырыста.  

ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекет басшыларының соңғы саммиті 1999 жылы Стамбулда өткен. Биыл ұйымның саммитін өткізу туралы шешім ұйымға мүше мемлекеттер сыртқы істер министрлерінің шілденің ортасында Алматы маңында өткен бейресми кездесуінде қол жеткізген келісім қорытындысында 3-ші тамызда ұйымға мүше мемлекеттер сыртқы істер министрлерімен қабылданды. 

Астан саммиті ұйым тарихындағы жетінші кездесу. Алдыңғы саммиттер 1975-ші жылы Хелсинкиде, 1990-шы жылы Парижде, 1992 жылы Хелсинкиде, 1994-ші жылы Будапеште, 1996 жылы Лиссабонда және 1999-шы жылы Стамбулда өтті.

0 пікір