Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3166 0 пікір 25 Тамыз, 2010 сағат 09:17

2014 жылы ҚР-да электр қуатын өндіру көлемі 97,9 млрд кВт/с жетеді - ИЖТМ

Астана. 25 тамыз. ҚазТАГ - Әрсен Бектасов. 2014 жылы ҚР-да электр қуатын өндіру көлемі 97,9 млрд кВт/с жетеді, деп мәлім етті индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Дүйсенбай Тұрғанов.

«Біз 2010-2014 жылдарға салалық бағдарлама әзірледік. Бағдарламаға сәйкес 2014 жылы тұтыну көлемі 96,8 млрд кВт/с болады деп болжанып отырғанда электр қуатын өндіру көлемін 97,9 млрд кВт/с жеткізу жоспарланған», - деді Д. Тұрғанов сәрсенбі күні энергетиктердің VI республикалық кеңесінде.

Вице-министрдің хабарлауынша, бүгінгі күні ҚР-дың қарқынды индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде жаңа электр станциялары құрылысының 13 ірі жобасы енгізілген. Бағдарламаны жүзеге асыру ел мен экономиканың электр қуатына деген сұранысын қамтамасыз  етіп, барлық тұтынушыларды сенімді түрде электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деді ол.

«Қазақстанның қажеттіліктерін жергілікті электр станциялары өндіретін электр қуатымен қамтамасыз ету салалық бағдарламаны жүзеге асырудың тағы бір нәтижесі болуға тиіс», - деді Д. Тұрғанов.

Бұрын хабарланғандай, 2009 жылдың нәтижесі бойынша Қазақстанда электр қуатын өндіру 2008 жылмен салыстырғанда 78,4 млрд кВт/с дейін, тұтыну 3,3%-ға 77,9 млрд кВт/с дейін төмендеген. «KEGOC» АҚ-ның болжамына сәйкес, 2010 жылы Қазақстанда электр энергиясын тұтыну көлемі 5,5%-ға артып, 82 млрд кВ/с құрайды, өндіру 7% -ға артып, 84 млрд кВт/с құрайды.

Бағдарлама аясында жүзеге асырылатын ірі жобалардың арасында жалпы қуаты 2600 МВт Балқаш ЖЭС, қуаты 300 МВт Мойнақ ГЭС, Екібастұз МАЭС-інің №3 энергоблогы бар.

0 пікір