Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Мәйекті 5776 0 пікір 25 Тамыз, 2016 сағат 14:59

А.МҰХАМЕДИҰЛЫ МЕН Б.БАЙБЕККЕ ӨТІНІШ

Алматы қаласында "Алатау" дәстүрлі өнер театрының ашылуы барша қазақты қуанышқа бөлеп отыр. Алайда, оның бойына қан жүгіртіп, дұрыс бағытта жүйелі жұмыс істете білу тікелей басшылыққа келген адамға байланысты болатыны белгілі. Сондықтан біз Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Бауыржан Байбек мырзаларға өзіміздің аздаған өтінішімізді білдіруді жөн санадық.

«Алатау» дәстүрлі өнер театрына басшылыққа қазақ өнері мәселелерінен, тарихынан хабары жоқ адам келсе, онда игі бастама қыл аяғы құрдымға кетуі мүмкін. Сол себепті, «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі, "Абай" ақпараттық порталы, "Ел-Шежіре" қайырымдылық қоры және Халықаралық "Көшпенділер Атамұрасы" қоғамдық қоры, өнертанушы Жарқын Шәкәрім, ф.ғ.д. профессор Кәкен Қамза, ақын, этнограф Әбубәкір Қайран, түріктанушы Нәпіл Базылхан, жазушы, "Қазақ тарихы" журналының бас редакторы Әбділдәбек Салықбай және тағы басқа зиялы қауым өкілдерімен ақылдаса келіп, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директорлығына әнші, өнертанушы, композитор, кино сценаристі, әртіс Ерлан Төлеутайды лайық деп есептеді.

Расында, Ерлан Төлеутай қазақ өнерінің тарихын терең білетін, Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Балуан Шолақ, Кенен тәрізді композиторлардың өмірі мен шығармашылығын үлгі тұтып, солардың әрбір басқан ізімен жүріп зерттеу жасаған, қазіргі кездегі ұлттық музыка мәселелерін жан-жақты түсінетін білікті тұлға. Зиялы қауымның кеңесіне сүйене отырып, "Абай" ақпараттық порталы, "Ел-Шежіре" қайырымдылық қоры, "Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігі және Халықаралық "Көшпенділер Атамұрасы" қоғамдық қоры, өнертанушы, композитор Ерлан Төлеутайды «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директорлығы қызметіне ұсынады.

Төлеутаев Ерлан Мұқатайұлы Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультетін тамамдаған (1994); Е Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің жастар ісі жөніндегі комитетінің жетекшісі болып қызмет істеген (1994-1998);

ҚарМУ-дің археология-этнология және Қазақстан тарихы кафедрасында стажер-зерттеуші (1998);

Қарағанды қаласындағы жастардың интеллектуальдық БОТА (білімпаздар, ойшылдар, тапқырлар, алғырлар) орталығының құрушы және оның тұңғыш төрағасы (1996-2001);

«Алтын Орда» республикалық тәуелсіз газетінің Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі болып істеген (2001-2002); «Қазақстан–Қарағанды» телеарнасында редактор болып еңбек еткен (2003-2010); Республикалық «Алаш Орда» газетінің бас редакторы қызметін атқарған (2008-2009); 2010 жылдан бері Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «анимациялық кино» шығармашылық бірлестігінің редакторы.

Өнер жолын Қарағанды мемлекеттік университетінің «Балауса» әдеби шығармашылық бірлестігінде әнші болып бастаған. 1990 жылы Ташкент қаласында өткен «Орта Азия және Қазақстан жастар фестивалінің» лауреаты (вокал номинациясы бойынша); 1993 жылы Алматы қаласында өткен 3-інші республикалық «Жігіттің сұлтаны» байқауының лауреаты атанған. 1998 жылы Астана қаласында өткен 1-інші халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты. 2005 жылы өткен 1-інші республикалық Мәди атындағы әншілер байқауының дипломанты.

2007 жылы Литва мемлекетінің астанасы Вильнюс қаласында өткен халықаралық музыка фестивалінде өнер көрсеткен Ерлан Төлеутайды Литва ұлттық телеарнасы «Фестивальдің ең үздік өнерпазы» деп таныған. Сол себепті ол Литва ұлттық телеарнасында Италия елінің әншілермен бірге тікелей эфирде концерт беру құрметіне ие болған. Осы сапарында ол Европаға арнайы сапармен келген және фестиваль қонағы болған Жапония мемлекетінің императоры Ахихто Хирохито мен жүздесіп, сұхбаттасқан.

2008 жылы Ерлан әнші Арқа даласында өткен Қояныштағай (Қояншы, Дәулет, Таңай) асында тұңғыш рет ұйымдастырылған әншілер байқауының бас жүлдесіне ие болды.

2012 жылы Түркия мемлекетінде өнер көрсетті.

Ерлан Төлеутай көп жылдардан бері қазақ ән өнерінің тарихын зерттеу үстінде. Республикалық БАҚ-дарында, атап айтқанда, „Егемен Қазақстан“, «Алтын Орда», «Қазақ әдебиеті», «Жас Қазақ», «Алаш айнасы», «Айқын», «Алаш Орда», «Аңыз Адам», «Жұлдыздар отбасы», «Азамат», «Начнем с Понедельника» басылымдарында ән өнері және оның шығу тарихы жайында жазған мақалалары, зерттеу еңбектері, сұхбаттары жарық көріп тұрады.

2006 жылы «ҚазАқпарат» баспасынан Ерлан Төлеутайдың «Баянауылдың дәстүрлі ән өнері» атты кітабы жарықққа шықты. 2013 жылы «Өнер» баспасынан өнертанушының «Жүсіпбек Елебеков» атты деректі романы оқырманға жол тартты. Әнші Қайрат Байбосыновтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Айбозым» (2010 жыл) кітабын құрастырушылардың бірі.

Әнші Біржан салдың, Ақан серінің, Үкілі Ыбырайдың, Балуан Шолақтың, Жаяу Мұсаның, Естайдың, Жарылғапбердінің, Мәдидің, Иманжүсіптің, Сәкен Сейфуллиннің әндерін сүйіп орындайды.

Ерлан Төлеутай қазақ ақындарының көптеген өлеңдеріне ән шығарған. Әсіресе, әнші Мақпал Жүнісова орындайтын «Япырай» (сөзі Мұқағалидыкі) және әнші Меруерт Түсіпбаева айтатын «Сен және Мен» (сөзі Жанат Әскербекқызыныкі) әндерін әнсүйер қауым жылы қабылдады. Абайдың, Шәкәрімнің, Мұқағалидың, Жұматай Жақыпбаев, Еркеш Ибраһим, Қайырбек Асанов, Марфуға Айтхожина, Тұрсын Жұмаш, Жанат Әскербекқызы, Қайрат Асқаров, қырғыз ақыны Әкбар Рысқұловтың өлеңдеріне жазылған көптеген әндердің авторы.

Фильмографиясы

Ерлан Төлеутайдың режиссер ретінде түсірген фильмі:

1. „Мәди“ деректі драмалық фильмі

Ерлан Төлеутай сценарийін жазған деректі драмалық фильмдер:

  1. "Абай" 5 сериялы деректі драмалық фильмі (Қазақстан арнасы)
  2. "Мәди" деректі драмалық фильмі (Қазақфильм АҚ)

Ерлан Төлеутай сценарийін жазған деректі фильмдер:

  1. «Тәттімбет» («Қазақфильм» АҚ)
  2. «Қасым Аманжолов» («Қазақфильм» АҚ)
  3. «Хабибаның Жүсіпбегі» («Қазахфильм» АҚ)
  4. «Талғат Бигелдинов» («Қазақфильм» АҚ)
  5. «Зейнолла Серікқалиев) («Қазақфильм» АҚ)
  6. «Акселеу Сейдімбеков» («Қазақфильм» АҚ)
  7. «Рымғали Нұрғалиев» («Қазақфильм» АҚ)
  8. «Мен көрген соғыс» («Қазақфильм» АҚ)
  9. «Ұлытау төрінде» («Қазақфильм» АҚ)
  10. «Генерал Сабыр Рахымов» (Қазакфильм» АҚ)
  1. «Мәшһүр Жүсіп» («Қазақстан» ҰА)
  2. «Әбілхан Қастеев» («Қазақстан» ҰА)
  3. «Шара Жиенқұлова» («Қазақстан» ҰА)
  4. «Нәзір Төреқұлов» («Қазақстан» ҰА)
  5. «Иса Байзақов («Таң» телеарнасы)

 Е Төлеутай сценарийін жазған анимациялық, көркем фильмдер:

  1. «Тағдыр» (Түрік халық ертегісінің желісі бойынша)
  2. «Қазақстан – біздің ортақ шаңырағымыз» 1-бөлім
  3. «Ер Төстік және Айдаһар» (бұл фильмнің диалогтарын жазған)
  4. «Жау жүрек мың бала» (бұл фильмнің диалогтарын жазған)

Ерлан Төлеутай редакторлық еткен көркем фильмдер:

  1. «Жау жүрек мың бала» көркем («Қазақфильм» АҚ)
  2. «Құнанбай»
  3. «Сүйінбай»
  4. «Дала даусы»
  5. «Ер Төстік және Айдаһар»
  6. «Дорога к матери» (Ана жүрегі)

Ерлан Төлеутай редакторлық еткен деректі фильмдер:

  1. «Әлкей Марғұлан» («Қазақстан» ҰА)
  2. «Мәшһүр Жүсіп»
  3. «Халел Досмұхамедев»
  4. «Санжар Асфендияров»
  5. «Бейімбет Майлин»
  6. «Сәкен Сейфуллин»
  7. «Ілияс Жансүгіров»
  8. «Смағұл Сәдуақасов
  9. «Сұлтанмахмұт Торайғыров»
  10. «Қаныш Сәтбаев»
  11. «Дмитрий Снегин»
  12. «Евгений Брусиловский»
  13. «Әбілхан Қастеев»

 Ерлан Төлеутай түскен фильмдер: (Ойнаған рөлдері)

  1. «Жау жүрек Мың бала» – Төле бидің кеңесшісі
  2. «Құнанбай» – Жанақ ақын
  3. «Мәди» – Мәди
  4. «Однокласники» – құс фабрикасының инженері 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2025
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2441
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2027
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1587