Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3107 0 пікір 23 Қыркүйек, 2016 сағат 10:05

ОҚО-да жылу маусымына дайындық жұмыстары кестеге сай жүруде

Бұл туралы бүгін ОҚО аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы М.Марайым облыстың 2016-2017 жылдардағы жылу маусымына дайындығы бойынша айтқан баяндамасында хабарлады.

Айтуынша, өңірдегі 3272 бюджеттік мекеменің 99 пайызы маусымға дайын болса, орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілетін 2278 көпқабатты тұрғын үйлердің 89 пайызына жылу беруге болады. Ал облыс орталығы – Шымкенттегі дайындық 86 пайызды құрап отыр.

«Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ететін мекемелердегі жалпы қазандықтар саны 48. Олардан бүгінгі күнге дайындалғаны 46 (96%). Бұл жерде тек ТЭЦ-3 - 1 қазандық және ТЭЦ-5 - 1 қазандықта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуге байланысты бітпей отыр, талапқа сәйкес 1 қазанға дейін толық аяқтау тиіс, жұмыстар жүргізілуде», - деді басқарма басшысы.

Баспасөз жиынында спикер облысқа 105,9 мың тонна қатты отын мен 27 мың тонна сұйық отынның қажеттігін айтып, бүгінгі таңда тасымалдау жұмыстары кестеге сай атқарылып жатқанын жеткізді.

Марғұлан Зұлқарнайұлы жылу маусымын ойдағыдай өткізу үшін Шымкенттегі 44,3 шақырым жылу құбырларына қайта құру және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ретке келтірілгенін хабарлады. Сондай-ақ, ол жылу маусымына дайындық жұмыстары 15 қазанға дейін жалғасып, кескеге сай толық дайын болатынын айтты.

Abai.kz 

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1441
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1285
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1043
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1094