Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3975 0 пікір 24 Мамыр, 2016 сағат 14:52

ӨНДІРІСТІҢ ЖАҢА ОШАҒЫ – ӨТЕГЕН БАТЫР КЕНТІНДЕ

Алматы облысы, Іле ауданының орталығы – Өтеген батыр кентінде отандық өндірістің жаңа бір ошағы жұмысқа кірісті. Шағын бизнеске жататын зауыт өңірде өзіндік орны бар өзгеше өнімдер шығарады.

Атап айт-қанда, «Темірметалл» ЖШС мұнайгаз желісіне пайдаланылған ескі құбырлардан металл табақтар дайындай¬тын қайта өңдеу желісін іске қосты. Жаңа өндіріс желісі аудан ғана емес, облыс экономикасы үшін аса маңызды.

Мұнда жаңа жұмыс орындары ашылады. Сонымен бірге салық түсімін арттырып, металл табақтар алуға байланысты ірі өндіріс орындарына туатын тәуелділікті азайтады. Өндіріске салынған ин-вестиция мөлшері – 300 миллион теңге. Бірінші кезеңде 30 адам жұмысқа алынса, тапсырыс көбейген кезде штат саны екі есеге арт¬тырылмақ.

Кәсіпорында шығарылатын металл табақтарды машина және вагон құрастыруда, құрылыста, тұр¬ғын үй-коммуналддық ша-руашылығында, халық шаруашылы¬ғының басқа да салаларында кеңінен пайдалануға болады. Жаңа істің басында тұрған кәсіпкерлер тың бастаманы жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсеткен аудан басшы¬лы¬ғына алғыстарын арнай отырып, ерекше желінің шикізатты алғашқы қолданыста бол¬ғаннан кейін де қайта пайдалануға жол ашатындығын айрықша атап отыр. Жылдар бойы қолда¬ныста болғандардың барлығы жарамсыз деуге болмайды. Мә¬селен, мұнайгаз саласына арналған құбырлар 14 Г2 маркалы аса жоғары сапалы болаттан жасалады.

Нақты белгіленген мерзімде жер астында жатып, қолданылғаннан кейін, технологиялық сипаты бойынша тың өзгерістерге ұшырайды. Мұндай металл сынық¬тарының қоры Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында жетерлік.

Бұрындары осындай құбырларды кесіп-кесіп, металл сынықтары ретінде шет елдерге жөнелтіп келген едік. Енді, міне, өзі¬мізде қайта өңдеуден өткізетін дә¬режеге жеттік.

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2018
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2435
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2013
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1585