Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Арылу 7815 0 пікір 25 Мамыр, 2016 сағат 08:39

МЕМЛЕКЕТТІ ЖАҒЫМПАЗДЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

Қоғамдағы жағымпаздықтың түрі көп... Билікке жағыну, бастыққа жағыну, көпке жағыну, әйеліңе жағыну, кім көрінгенге жағыну… т.б.  Қазіргі жаңа ауру биліктің шыңар басындағылар үшін өзге елдерге жағыну.

Екі ғасыр бойы патша үкіметіне, жетпіс жыл Кеңес Одағына жағынып биліктің бір шетін ұстағандардың ұрпағы енді шетелге жағыну санасымен уланып жатыр. Бала шағынан қалыптапсқан жағымпаздық ел басшылығына жеткенде де санада сол күйі қалады. Өз елін басқа елдерден төмен санап, күйбежектеп басқа елдер не айтып қояды, билігіме зияны тиіп кете ме деген ой қарамағында сол елдің өкілдері болса, өзге ұлттар не айтып қояды деген ой санасын улап тастады. Қазақ билігіндегі жағымпаздықтың шегі жоқ екенін; ауыл әкімінен бастап ел басындағыларға  дейін қазақ бала-бақшасындағы орыс тобына барса немерелерімен жасты балаларға орысша сөйлейді. Бұл өзге ұлттың кішкене балаларна дейін қазақ елінің басшыларын өздеріне жағымпаз қылып алғанының белгісі. Боғымен жасты баланың алдына барып солардың тілінде сөйлегенді мәртебе санау – ең төменділік. Керісінше, мемлекеттік тіл қазақ тілі болып тұрып,  өзге диаспораның балаларымен солардың тілінде сөйлеген басшыда не қадір, не қасиет қалды дейсің?. Путин Қазақстандағы қазақ балалбақшасына  немесе Ресейдегі балабақшаның қазақ балалары тобына барғанда  қазақ тілінде сөйлей ме, жоқ әрине. Бұл біздің басшылардың білімсіздігі.  Латыш елінде отыз пайыз ғана латыштар тұрады.  Жер аумағы біздің бір обылыстай ғана, халқы екі миллионға жетпейді. Латвияға тілін қорғаймын деп аласұрған Ресей түк істей алмай отыр. Өйткені латыштың елін, жерін, ұлтын қорғайтын Ата заңы бар. Президентінен бастап соған бағынады. Қырық пайыз орыстар, қалғандары әртүрлі ұлттар. Сол елдің мемлекеті орысша сөйлемек түгілі орысша бір нәрсе таппайсың. «Біз көпұлтты мемлекетпіз» деп бөсу де сауатсыздықтың бір түрі. Осылай деп билік өкілдеріне айтып көрші ауыздарынан түкірігі шашырап, ата жауы санап, аузына келгенді оттайды.  

Біздің қоғамдағы орын алған ең бір кесірлі дүние осы – жағымпаздық. Кімге болса соған жағынуға даяр тұрамыз. Біреуге жағыну кәдімгі өмір сүрудің қағидасына айналып кетті. Жағымпаз – өзінің қадірін білмейді. Өзінің тең басқалармен хақылы адам екенін сезіне алмайды. Үнемі төменшіктеп, қылпылдап, құлдық ұрып тұрады. Қазір жағымпаздану мен сыйлаудың аражігін ажырата алмай қалдық. Әбден жағымпазданып үйреніп алған тобыр – жағымпаздық пен сыйлаудың ара жігін қосып алған. Қажетіне қарай секіріп кете береді. Жағымпаздың бала-шағасы да сол тәрбиеден алыстап кетпейді. Сөйтіп, тұқым-тұяғыңа дейін құлданып шыға келеді.  

Мысалы, айталық Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев орнынан түскенде маңайындағылар қайтті. Жаппай Колбинге жағуға ұмытылды.  Әлжаппар Әбішев деген үлкен жазушы кезінде Қонаевқа сыйлаған кітабынадағы қолтаңбасына «Қазақтың ұлы тұлғасына» деп әспеттеп жазған. Қонаев ақсақалға риза болып, өзі тұрған үйді бергізген. Сол кезде  ақсақал: «Бұл жақсылығыңызды екі дүниеде ұмытпаймын» деп көзіне жас іркіпті.  Осы ақсақал Колбин келгенде сұранып кіріп: «Мен сізді 25 жыл күттім» депті.

Жазушы Д.Исабеков: «Перед толпой выступали члены бюро ЦК, деятели культуры, писатели, но ее уже невозможно было остановить словом. Настроение подогревалось алкоголем, наркотиками. Похоже, все было организовано заранее, до избрания Г.В. Колбина, даже если судить только по внешнему виду транспарантов, а решение пленума послужило лишь сигналом к выступлению» деп Қонаевтың желтоқсан көтерілісін әдейі ұйымдастырды дегенге келтіргісі келгені кеше ғана. Сол кездегі билік басында  тақталастың нағыз ортасында жүрген Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті ұйымдастыру-партия бөлімінің меңгерушісі Қуаныш Сұлтановтың: «Қазақтың лауазым иелерінің намыссыздығы, ұятсыздығы өз жеке басының мансабы үшін нені болса да мансұқ етіп жіберуге әзір екендігі – желтоқсан көтерілісінен кейін іле-шала  19 және 23 желтоқсан күндері өткізілген Бюро мәжілістерінде көрінді. Сол кезде бір-бір облысты ашса алақанында, жұмса  жұдырығында ұстап жүрген, КОКП ОК мүшелері, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаттары, Социалистік Еңбек Ерлері, т.т. шен иелері – бірінші хатшылар, кезінде  Д.Қонаевтың «ең сенімді серіктері»  болған, Димекеңнің атын айтпай сөз сөйлемейтін марқасқалар жаппай жабыла, жарыса Димекеңді жамандап, жаңа келген Колбинді мақтап діңкелері құрыды. Бұл тәсіл осы бюролардан кейін Қазақстаннан қашан Колбин кеткенше бәсеңдеген жоқ. Кезінде Димекеңді мақтап жүздеген  адам қызметке жоғарылап еді, енді Колбинге жақсы көріну мақсатында Димекеңді жамандап, тағы жүздеген адам мансабын өсірді» дегені бар.

Қ.Сұлтановтың сөзінің жаны бар. Қазақстанда адам айтса сенгісіз ақуал қалыптасты. «Бірлесу» газетіне берген сұхбатында Қонаев: «Өзімді-өзім ақтайын деп отырған жоқпын, дұрыс та, бұрыс та шешімдер қабылдадым, қателік те болды, жетістік те болды… Жас ұлғайған сайын айналаңдағы адамдарды тану түйсігің жоғалады, тың ойларды түсінбейсің немесе қабылдамайсың, өзіңе-өзің сын көзбен қарауды қоясың да міндетті түрде қателіктер жасайсың, әсіресе кадрлық саясатта. Негізінде айналаңа өзіңе табынушыларды емес, идея беретін ақыл-парасат иелерін жинау керек» депті. Бұл енді, қилы оқиғаларды бастан өткізген мемлекет қайраткерінің биліктен кеткеннен кейінгі айтқан шын сөзі.

Қазірде билік пен халықтың арасында шөре-шөре болып біресе билікті, біресе халықты қолдап, шыжбыңдап жүрген жағымпаз шыбыштарды көріп отырмыз.

Тоғайбай Нұрмұратұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1983
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2384
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1949
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1573