Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Билік 3919 0 пікір 25 Мамыр, 2016 сағат 15:18

ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ КҮШТЕРДІҢ «ҚАЗАҚСТАН-2050» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ КОАЛИЦИЯСЫНЫҢ ҮНДЕУІ

Құрметті отандастар!

Жетекші саяси партиялардың, Қазақ­стан халқы Ассамблеясының, қоғам­дық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйым­дардың, ғылыми және шығармашылық интеллигенцияның, ардагерлер мен аграр­­лық сала мамандарының, ірі кәсіп­орын­дардың, кәсіподақтардың, еңбек ұжым­дары мен жастар қозғалыс­тарының ба­сын қосқан, барлық әлеуметтік топ­тардың, барлық өңірдің мүддесін көз­­де­ген Демократиялық күштердің «Қазақ­стан-2050» жалпыұлттық коалициясы елі­міздің азаматтарына үндеу жолдайды.

«Қазақстан-2050» Даму Стратегия­сында Мемлекет басшысы белгілеген рес­публиканы қоғамдық-саяси және әлеу­меттік-экономикалық жаңғырту бағдарын, сондай-ақ, Бес институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын және аса ауқымды «Нұрлы Жол» бағдарламасын толығымен қолдай отырып;

— Мемлекет басшысының Жер ко­дексінің жекелеген нормаларына мораторий енгізу туралы шешімін қолдай отырып;

— әлемдік қоғамдастықтың беделді әрі жауапты өкілі ретінде Қазақстан бетпе-бет келіп отырған жаңа жаһандық саяси-экономикалық ахуал мен уақыттың сынақтарын ескере отырып;

— Қазақстанның астанасында өтетін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының саммиті мен Астана экономикалық форумының күн тәртібіндегі басым­дықтарды қуаттай келе;

— Мемлекет басшысының ядролық қарусыз болашақ құру, жаһандық, оның ішінде ЕАЭО шеңберіндегі қауіпсіздік, халықаралық ынтымақтастық және экономикалық интеграция жүйесін күшейтуге бағытталған сыртқы саясаты­ның басты бағыттарының айрықша маңыздылығын сезініп;

— тәуелсіздіктің барлық жетістіктерінің іргетасы саналатын әлеуметтік-эконо­микалық тұрақтылықты, Қазақстанның көпұлтты халқының қоғамдық келісімі мен бірлігін қамтамасыз етуді аса маңызды қажеттілік ретінде қабылдап;

— Президенттің тапсырмасымен құ­­рыл­ған Жер реформасы бойын­ша комис­сия жұмысының алғашқы нәтижелерін жоға­ры бағалай келе;

Біз – республикадағы азаматтық қоғам өкілдері қазақстандықтарды Жер реформасы бойынша комиссияның және Аймақтық қоғамдық кеңестер­дің жұмысына белсене атсалысуға шақырамыз.

Біз үшін және барша азаматтар үшін жер тек материалдық игілік қана емес, Қазақстан халқының бірлігін бекемдеп, жұдырықтай жұмылдырған Тәуелсіздік ұғымымен бірдей аса қастерлі құндылық.

Демократиялық күштердің «Қазақ­стан-2050» жалпыұлттық коалициясы агроөнеркәсіптік секторды қарқынды дамытудың маңызды тетігі ретінде Жер реформасы қажет деп санайды.

Мемлекет басшысының Жер мәсе­лесіне қатысты қорытынды шешімді қабылдаудағы салмақты ұстанымын есепке ала отырып, туған жерінің болашағы үшін алаңдайтын қазақстандықтар осы мәселе жөніндегі ашық әрі сындарлы сұхбатқа үн қосуы қажет деп санаймыз.

Қуатты, біртұтас, гүлденген әрі тәуел­сіз Қазақстанда өмір сүргіміз келсе, біздің басты міндетіміз – елдегі бейбітшілік пен келісімді сақтау болуға тиіс.

Елбасы үндеуін қолдай отырып, Демократиялық күштердің «Қазақ­стан-2050» жалпыұлттық коалициясы Жер реформасын жетілдіруге бар күшін салады.

Біз әрбір азаматтың осы мәселеге қатысты пікірі ескеріліп, жан-жақты қаралатынына кепілдік береміз.

Қазақстандықтардың аталған мәселеге қатысты Демократиялық күштердің «Қа­зақстан-2050» жалпыұлттық коалиция­сына жолдаған барлық ұсыныстары мен тілектері жан-жақты зерделеніп, Жер реформасы жөніндегі комиссияның қарауына ұсынылады.

 «Нұр Отан» партиясы, Қазақстан­ның «Ақ жол» демократиялық пар­тиясы, Қазақстанның Коммунистік ха­лық партиясы, Қазақстанның «Ауыл» халықтық-демократиялық патриот­тық партиясы, «Бірлік» партиясы, Қа­зақстан халқы Ассамблеясы, «Ата­мекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Қазақстанның азаматтық альян­сы» заңды тұлғалар бірлестігі, Қазақ­станның Кәсіподақтар федерациясы, Қазақ­стан Республикасы Ардагерлер ұйымы, «Болашақ» қауымдастығы, Қазақ­станның кәсіпкерлер форумы, Мүге­дектердің «ДОС» тәуелсіз өмір орта­лығы» қоғамдық бірлестігі, «ҚР Қарулы Күштер ардагерлері» қоғам­дық бірлестігі, Ауғанстан соғысы ардагер­лері ұйымдарының қауымдастығы, Кәсіпкер әйелдер одағы, «Жасыл» экономика мен G—GLOBAL-ды дамыту үшін коалиция­сы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Жас Отан» Жастар қанаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясы, Қазақстанның Еңбек Ері, «Агрофирма Родина» ЖШС бас директоры И.А. Сауэр, Қазақстанның Еңбек Ері, «Алтынсарино» ЖШС директоры Б.П.Князев, «ҚазАгроИнновация» АҚ Мақта шаруашылығы «ҚазҒЗИ» ЖШС бас директоры И.И.Үмбетаев, «Сері-Еркін» ЖШС бас директоры С.Тұрғанбаев, «Тиянақ – Трейд» ЖШС жетек­шісі А.О. Айтбаев, «Тобық­ты и К» ЖШС директоры  Г.А. Росель­бай, «Әсем Алма» шаруа қожа­лығының басшысы
М.А.Әубә­кіров, «Каспий Балық» ӨК атқа­рушы директоры Ж.У.Шақы­пов, «Опытное хозяйство маслич­ных культур» ЖШС директоры Р.К.Ахмадиев, «Нұрдәулет» шаруа қожалығының басқарушы директоры Б.Б.Нұғманов, «Раисовское» ЖШС директоры В.М.Ко­валенко, «Үркер» шаруа қожа­лы­ғы­ның басшысы Б.Ә. Исабеков, «Айхан» шаруа қожалығының басшысы
А.Қ.Құдабаев, «Кугабаев» шаруа қо­жа­лығының басшысы Т.С.Шай­хин, «Галицкое» ЖШС директоры А.А.Каси­цин, «Опытное хозяйс­тво «Иртышское» ЖШС директоры И.К.Нұрселинов, «Таушық ауыл шаруашылығы» ЖШС директоры А.Қ.Қосуақов, «Белес» компаниялар тобының бас директоры М.О. Жәкі­баев, «Алабота» ЖШС директоры­ның орынбасары М.С.Жұтаев, «Ақжайлау» шаруа қожалығының басшысы А.А.Садықов.

2016 жылғы 24 мамыр,

Астана қаласы 

Abai.kz 

 

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1444
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1286
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1043
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1095